Жарияланды 21.07.2010 10:10:57 UTC
Жаңаланды 21.07.2010 10:10:57 UTC
Бүгінгі бағдарламамызда Битлиске сапар шегеміз. Батысында Немрут тауы, солтүстігінде Сюпхан тауы бас көтерген Ахлат ауданындағы Ахлат Мұражайын аралаймыз.
Тарихшылар «Селжұқтар жаңаланған жер» деп атаған Ахлат атын Селжұқ ескерткіш мазарларымен танытады. Түріктер ғасырлар бойы қалыптастырған сәулет өнерінің де іздері бар бауырында. Тарихы тым ескіге Б.з.б. 15 ғасырға созылады. Асурлықтар, Медтер, Парсылар, Македониялықтар, Селокидтер, Парттар және Алатостар арт-артынан билік жүргізген осы жерлерге. Византия, Аббаси және түрліше бейліктер арасында алмасып тұрған. Қаншама қарсылықтар мен төңкерістерді бастан кешірген. Байырғы аты «Хилат» болған Ахлат 1093 және 1230 жылдар арасында Селжұқтардың билігінде болған. Чалдыран соғысынан кейін Османлы территориясына қосылған ауданда тәртіп те, адамдар да өзгеріп отырған. Билік өзгерген сайын жаңаланып, жаңа мұралар салынған, жылдарға төтеп беріп, бүгіндерге жеткен.
Мазардың іргесінде, мұражай салу үшін ғажайып бір мекен. Мазар ескерткіштері қалай болса-солай шөптің арасына таралған, дүниеден бейхабар жатыр...
Бұл жер - көркемдігімен көз тұндырған Ахлат Мұражайы. Мұражайдың қақпасына келгенде осы көркемдік сезімі жоғалып кетеді. Мұражай ғимараты табиғи жабдықтармен жадықталған, қарапайым, алайда өзгеше жобаланған және төңірегіне құрметті. Мұражай ерекшелігі ретінде сыртпен байлансы әлсіз, алайда адамды өзіне тартатын бір қабатты және сүйкімді ғимарат.
Ахлат Мұражайы 1970 жылдан бері зияратқа ашық.
Мұражай үшін, өркениеттер дүниеге келген мекен үшін тым жаңа... Мұражайға қойылған мұралардың көбі 1960 жылдың орталарында аймақта жасалған археологиялық қазбада табылған. Ахлат Мұражайының есігінен кіргенде адамды әсерлердіретін көрініс қайта бастайды. Осы тыныш та сүйкімді мұражайдағы түрлішелік кісіні таңырқатады. Селжұқ және Османлы дәуіріне тән «Жақын заман» мұралармен қоса, Рим дәуірі мен Антикалық дәуірден, тіпті Б.з.б. екі мыңыншы жылдардан қалған мұралар да бар.
Төңіректегі сәулет өнері мұраларынан Чифте монша, Зауие және Ұлы мешіт төңірегіндегі қазбалардан шыққан мұралар мұражайда маңызды орын иелеген.
Селжұқлы дәуірінің керемика қалдықтары Анатолы мәдениеті мен Азия мәдениетінің тоғысу кезеңі болған Селжұқлы өркениетінің нәзіктігін сездіреді кісіге. Әшекейлеудің қарапайым бояу ғана емес, заттың ішкі бейнесін, семболдарға толы бір әлем мен өз алдына бір өнер болған дәуірлерге тән мұраларда өмір өрнегіне байланысты іздер табуға болады. Мұражай ашылудан бұрын ашық ауа мұражайы болған ескі мазарлықтағы құлпытастар да Селжұқлылардың бір-бірінен өзгеше түрде өндірген әсерлі мұралары арасында.
Рим мен Византия дәуірлеріне тән түрліше керамикалар, шамдандар бөлек бөлмеде көрмеге қойылған. Сол дәуірлерде күнделікті өмірдің және өнердің Батыстан келген самалмен қайтадан түрленуі аймаққа және мұражайға ерекше өрнек беруде. Шығыс пен Оңтүстік-шығыс Анатолы аймағында Батыс өнерінің әсері, күдіксіз шекті болады және бұл шекаралар Шығыс пен Батыстың аралас өнімін жарату үшін өнімді бір орта дайындаған.
Ахлат Мұражайында Урартулардың қос айдағар басты білезіктері, белбеулері, көйлек түймелері мен шашбаулардан құралған өнімдері болса, бөлек көрмеге қойылған. Ескі дәуірдің күнделікті өмірін жақыннан бақылау, ғасырлар бұрын өмір сүрген адамдарға қаншалықты ұқсайтынымызды ойлау мұражай сапарларының құнды естеліктерінің бірі болып табылады. Адамның өзін ұзақ тарихтың бір бөлшегіндей сезінуі және бұрынғы ұрпақтарға деген достық пен жақындық сезіміне бөленуіміз күнделікті өмірде кейбір «Жай» мүліктердің жеткілікті болуы да ғажайып емес пе? Соншалықты көп тарих кітабы жарата алмаған сезімді бірнеше «құнсыз» сияқты көрінген мүлік кенеттен туғызады. Міне, мұражайдың маңыздылығы осы түйінде анықталады.
Битлис уәлаятының Ахлат ауданындағы Ахлат Мұражайында көрмеге қойылған мұралар арасында ауданға 15 километр алыстықтағы Иуадамы қала қалдығынан шыққан Б.з.б. мыңжылдық пен Ерте Темір дәуіріне тән мазар қалдықтары керамикалары бар. Сонымен бірге, Орта Қола дәуірінің соңы мен Темір дәуірінен қалған керамикалар мен ыдыс-аяқтар да коллецияның бөлшектері арасында. 2608 бөлек археологиялық мұрамен бірге, 1685 дана теңге ақша коллециясы да назар аударады. Теңге ақшалар тарихи тұрғыдан өзнеше. Суреттеулерінен мемлекеттің түрін, тарихи оқиғаларды, жоғалып кеткен қалалардың атын, жоғалып кеткен мүсінді, құлаған ғимаратты, бүгінге жете алмаған өсімдіктерді көруге болады. Маман болмасақ та теңгелердің түсінен бүгінгі ақшаның қиялымызда жанданған түрінен қаншалықты алыс екеніне таң қаламыз. Өлді деген мөлшермен суретке алынған, қоймаларда немесе әйнек бөлмелерде зияратқа ашылған «тарихтың» бүгін де жалғасып жатқанын сезу де басқаша бір көркемдік.
Мұражайдағы аймаққа тән этнографиялық мұралар да көруге татыйды.
Ахлат Мұражайының адамдарға ашқан есігі тарихтың әлі де тірі жолдарынан өтуде және керемет көркемдік ұсынуда.