Подкаст Мультимедиа Байланыс Rss
TRT-World Қазақша
Ердоган Газа жиналысынан шығып кетті

Ердоган Давоста Газа жиналысынан шығып кетті.

Жарияланды 30.01.2009 08:55:22 UTC
Жаңаланды 30.01.2009 09:01:51 UTC

Перезге жауап беретін кезде жиналыстың басқарушысының тоқтатуына наразылық көрсеткен Ердоган «Давос мен үшін аяқталды» деп жиналыстан шығып кетті.

Давоста бір дағдарыс болды.

«Газа Орташығыс үшін үлгі» атты сессияға қатысқан Бас министр Режеп Таип Ердоган Израиль елбасы Перездің дипломатиялық қағидаларға жатпайтын түрде дауыстап сөйлеуіне және тыңдаушылардың оған қол шапалақтауына қатты наразылық көрсетті.

Перез «Күн сайын Стамбулға 100 зымыран лақтырылса сіз не істейсіз?» деген сөздерді де қолданды. Жауап беру талабына қарсы шыққан сессия басқарушысына да ашуланған Ердоган Перезге «Сіз адам өлтіруді жақсы білесіз» деп, сындарын айтты. Ердоган артынан «Давос мен үшін аяқталды» деп залдан шығып кетті.

Ердоган: «Газа ашық ауа түрмесіне айналдырылды»

Тыныш атмосферада басталған Газа сессиясы Давос 2009-ға таңбасын басты. Ердоган баяндамасында жүргізілген эмбарголар арқылы Газаның ашық ауа түрмесіне айналдырылғанын айтып, көп күш қолданылғанын және балалардың өлтірілгенін білдірді. Ердоганға қалған баяндамашылар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун және Арап Одағы бас хатшысы Амр Муса да қолдау берді.

Перез баяндамасында даусын көтерді.

Залда қалыптасқан көрініс өзіне қарсы болғандықтан, Перез баяндамасында даусын көтерді, жауаптының ХАМАС екенін айтып: «Террористтік шабуылдар алдында басқа амалымыз қалмады» деді. Перез дипломатиялық қағидаларды бір шетке тастап, даусын көтерді және Бас министр Ердоганды нысанаға ала бастады.

ХАМАС-тың құрылу мәлімдемесінен деп бір құжаттан үзінді оқи бастаған Перез: «Мұсылмандар бүкіл еврейлерді жоймайынша, әлем құртылмайды» деген жазуды оқыды және ашуланып Ердоганға қарап, «Сіз айтқан ХАМАС осы ма?» деді.

Перез кейіннен тағы Бас министрге қарап, даусын одан сайын көтерді. Перез «Әрбір ел біз жасағандай жасар еді. Сіз Стамбулға күн сайын 10 немесе 100 зымыран лақтырылса, не істер едіңіз?» деген сөз қолданды.

Ердоган жауап бергісі келді, бірақ сессия басқарушысы сөз кезегін бермеді.

Перездің сөздері алдында дәптеріне айтатындарын түртіп алған Ердоган қайтадан сөз кезегін алып, жауап бергісі келді, алайда сессияның басқарушысы сөз кезегін бермеді.

Осыған қарамастан, сөздерін жалғастырған Ердоган былай деді: «Құрметті Перез, менен үлкенсіз, даусың қатты шығып отыр. Бұл қылмыс жасаған адамның психологиясы. Менің даусым ондай қатты шықпайды. өлтіруге келетін болсақ, сіз өлтіруді жақсы білесіз. Жағажайдағы балалардың қалай өлтірілгенін жақсы білемін. Сіздің Бас министрлік қызметін атқарған екі лауазымдыңыздың сөздері есімде, танктардың үстінде Палестинаға кіргенде өздерін бақытты деп сезінетін бас министрлеріңіз бар».

«Давос мен үшін аяқталды»

Бас министр Ердоган сөзіне жиі-жиі араласқан сессия басқарушысына наразылық көрсетті және «Давос мен үшін аяқталды» деп жиналыстан шығып кетті.

Жиналыстан шыққаннан кейін осы ұстанымының себебін түсіндірген Ердоган «Израиль елбасы Шимон Перез 25 минут, мен болсам 12 минут сөйледім. Осыншама маңызды тақырыпты талқылайтын жерде мұны жарты сағатпен шектеуге болмайды. Бұдан былай да Давосқа қатыспаймын» деді.

 






ТРТ ТҮР Жөнінде ТРТ Жөнінде Байланыс Фреканс Мультимедиа
ТРТ Радио
ТРТ Теледидар
ТРТ Жаңалық
ТРТ Тарих
Terms of use
Көзқарасыңызды білдіріңіз
Жер Серігі Параметрлері
Эфир тізбегі
Сурет Галереясы
Тыңда/Қара
Подкаст
Turkish Radio - Television Corporation Official Web Site