Подкаст Мультимедиа Байланыс Rss
Эфирімізді тыңдаңыздар
Жаңалықтар
29.07.2010 Қазақша жаңалықтар Астана 19:30
 
Эфирлер
29.07.2010 Қазақша эфир Астана 19:30
Сұхбаттар
Проф.Абдулвахап Кара Ялова-22.07.2010
Астанадағы тілшіміз Айнұр Зәкімқызы 23062010
Мақсат Шотаев тоғызқұмалақ қауымдастығы директоры
Астанадағы тілшіміз Айнұр Зәкімқызы 24 05 2010
Астанадағы тілшіміз Айнұр Зәкімқызы 20 05 2010
 
Түркия өнеркәсібі – 23
Түркияда дәрі-дәрмек саласы
Жарияланды 12.11.2009 09:57:00 UTC
Жаңаланды 12.11.2009 09:57:00 UTC

Бүгінгі бағдарламамызда Түркияда дәрі-дәрмек өндірісі жөнінде баяндап береміз.

Химия өнеркәсібінің бір саласы – дәрі және бояу кәсіпорындары. Дәрі-дәрмек кәсіпорындары Стамбул және төңірегінде шоғырланған. Патенті шетелдік бір дәрі фабрикасы да Самсунда.

Түркияда дәрі өнеркәсібінің тарихы 20-ғасырдың басына дейін созылады. Сол жылдары құрылған дәрі лабораториялары мен дәріханалар үлкен саланың негізін қалады.

Жаһандық дәрі саласы соңғы жылдары жылдам дамыды. Дамудың себептері қария тұрғын санының артуы, патент мерзімдерінің созылуы, дәрі-дәрмек түрінің артуы, әлеуметтік қауіпсіздік мекемелерінің ауқымдарының артуы мен кең тарауы, биологиялық және тиотехнологиялық өнімдердің көбеюі болып табылады.

Әлем нарығындағы дамуға параллель Түркиядағы дәрі саласы да жетілді. Сала дәрі-дәрмек өндірісінде Еуроодақ елдерімен салыстырылатын деңгейге жетті. Айырықша жұмысқа орналастыру тұрғысынан да қарағанда, Түркия Еуропа елдері арасында жоғары кезекте. Дәрі-дәрмек саласы сонымен бірге Түркияда ең көп инвестиция салынған салалардың бірі болды.

Дәрі-дәрмек саласының өндіріс және экспорт мүмкіндігі өте кең. Аталмыш сала классикалық фармакологиялық өнімдердің барлығын өндіре алады, бақылай алатын замандас жүйе мен жабдыққа ие. Айырықша 1984 іске қосылған Жақсы өндіріс жүйесінің принциптерін жүзеге асырып, Еуроодақ елдерімен салыстырылатын технологиялық деңгейге жетті.

Дәрі-дәрмек саласында 134 компания қызмет атқарады. Бұлардың 85-і дәрі өндіруші, 11-і шикізат өндірушісі, 38-і экспортшы. Осылардың арасынан Әлеуметтік сақтандыру мекемесі дәрі және медициналық материал мекемесі мен Ұлттық қорғаныс министрлігі Армия дәрі фабрикасы мемлекеттің фирмалары болып табылады. Салада 35 шетелдік капиталды фирма жұмыс істейді, бұлардың сегізі өндіруші болып табылады.

1965 жылдан бері дәрі шикізатын өндіретін Түркияда 1971 жылдан бастап фермантация әдісі арқылы тетрациклин, окситетрациклин және түрлері өндіріледі. Кейіннен ампицилин мен амокцисилин өндіріле бастады.

Түркияда 3100 түрлі дәрі өндіріледі, бұлар науқастардың жастары мен аурудың деңгейіне қарай мөлшерленгенде бұл көрсеткіш 7200-ге жетеді.

Дәрі-дәрмек өндірісі дәрілердің сапасы және сенімділігі түұрғысынан көптеген елмен бәсекеге түсе алатын дәрежеге жетті. Түркияның дәрі экспорты 1978 ж басталды, кейіннен жылдамдады. 2006 ж экспортымыз алдыңғы жылға қарағанда 11 пайыз артып, шамамен 336 миллион доллар болды.

Соңғы жылдары дәрі өндірісінде орталық болған арасында Еуроодақ елдері мен АҚШ секілді елдер де бар 100-ден астам елге экспорт жасалуда.

Дәрі саласында жалпы өте жаңа жоғары технология қажет ететін немесе биотехнология өнімі болғандықтан белгілі орталықтарда өндірілетін дәрілер мен елімізде тұтыну аз болғандықтан, өндірісі қымбатқа түсетін дәрілер импорт етіледі. Осылардың арасында кейбір вакциналар, рак дәрілері, гормондар, радиоконтраст дәрілер бар. Осы дәрі-дәрмектермен бірге дәрі өндірісінде қолданылатын кейбір шикізат та шетелдерден сатып алынады.





Қатысты жаңалықтар
Түркия өнеркәсібі- 22
Соңғы жаңалықтар
ТРТ ТҮР Жөнінде ТРТ Жөнінде Байланыс Фреканс Мультимедиа
ТРТ Радио
ТРТ Теледидар
ТРТ Жаңалық
ТРТ Тарих
Terms of use
Көзқарасыңызды білдіріңіз
Жер Серігі Параметрлері
Эфир тізбегі
Сурет Галереясы
Тыңда/Қара
Подкаст
Turkish Radio - Television Corporation Official Web Site