Подкаст Мультимедиа Байланыс Rss
Эфирімізді тыңдаңыздар
Жаңалықтар
07.09.2010 Қазақша жаңалықтар Астана 19:30
 
Эфирлер
07.09.2010 Қазақша эфир Астана 19:30
Сұхбаттар
Бақытжан Абдуллаев-Жаңақорған шипажайының Бас директоры
Ғабит Үйсінбаев-Жаңақорған шипажайы
Проф.Абдулвахап Кара Ялова-22.07.2010
Астанадағы тілшіміз Айнұр Зәкімқызы 23062010
Мақсат Шотаев тоғызқұмалақ қауымдастығы директоры
 
Тарих беттерінен - 01
Алғашқы табиғи құбылыстар
Жарияланды 29.07.2010 11:46:58 UTC
Жаңаланды 29.07.2010 11:46:58 UTC

Тарихпен және жалпы мағынада өткенмен байланысты мағлұматтар ауқымды тәжірибелерден тұрады. Тарих қаншалықты «қоғамдардың өткендегі істерін, қоғамдар арасындағы байланыстарды мекен мен уақыт көрсетіп, себеп нәтиже байланысы ішінде ғылыми әдістермен зерттейтін білім саласы» болса да тарихтан бұрыңғы шақтар туралы мағлұматтар осыншама нақты болмауы мүмкін. Осы бағдарлама тізбегінде сіздерге әрі преистория ретінде аталған және адамдықтан бұрыңғы шақты қолға алған тарихтан бұрыңғы кезеңдер туралы мағлұматтар беріп, әрі адамзат тарихы туралы мағлұматтар ұсынамыз. Осы мағлұматтар болса үйреніскен тарих тақырыптарынан өзгеше, әрі әлемге, әрі адам баласына әсер еткен қызықты оқиғалар және ұғымдардан тұрады.

***Бағдарламамыздың бүгінгі алғашқы бөлімінде сіздерге кейбір жалпы мағлұматтар беріп, тарих, адам, табиғат, оқиға секілді ұғымдар арасындағы байланыстар туралы айтып бергіміз келеді. Баршаға мәлім, тарих алғашқы жазудың қолданылуымен басталады. Тарихтың бақылауы, сынағы және қайталануы болмайды. Бір оқиғаның тарих деп бағаландырылуы болса кейбір шарттарға тәуелді, осыған қарағанда, 1. оқиғаның уақыты белгілі болуы керек. 2. оқиғаның мекені белгілі болуы керек. 3. оқиғаның себебі белгілі болуы керек. 4. қорытындысы білінуі керек және ең маңыздысы 5. осылар туралы қайнар қалыптастырған жазбаша мағлұматтар болуы керек.

Тарихта болған бір оқиғаның өзімен бірге ала келген қорытындысының тұрақты әсерлері өте маңызды. Тарихтың есімдігі - адам. Сондықтан адам әрі жеке, әрі қоғам ретінде әрқашан оқиғаларға бағыт берген, есімдік жағдайында болған. Осы процесте адамның әрі қоғамдық ортасымен, әрі табиғи ортасымен байланысты қарым-қатынастарынан ортаға шыққан оқиғалар жиынтығы тарихтың тақырыптарын қалыптастырады. Алайда адамдықтан бұрынғы шақ туралы айту керек болса, онда ортаға табиғат факторы мен табиғи құбылыстар шығады.

***Адамдықтан бұрыңғы шақтарға қарағанымызда, алдымызға көптеген ғасырлар, ауқымды оқиғалар және қорытындылары шығады. Үлкен жарылыстар, үлкен құрғақшылықтар, үлкен селдер, үлкен мұзды шақтары секілді түрлі табиғи құбылыстар бірдей ауқымда орын алады.

Көптеген жандының ортаға шығуы немесе жандылардың түрлерінің жойылуы, құрлық бөлшектерінің жайымен бөлшектенуі және орын ауыстырулары нәтижесінде құрлықтардың қалыптасуы, құрлықтардың арасында мұхиттар мен ішкі теңіздердің қалыптасуы, геологиялық шұңқырлар, нәтижесінде жаңа биіктіктердің ортаға шығуы мен тау тізбектерінің пішімделуі, осылардың барлығы тарихтан бұрын болған нәрселер.

***Табиғи құбылыстар тізбегінде бәлкім ең маңыздысы - үлкен жарылыс. Бұл жер бетінің осы ғаламдағы орнын айқындаған оқиға ретінде қаралады. Осы үлкен жарылыс ғалымдар тарапынан ғаламның қалыптасуын пішімдеген тұңғыш үлкен бастау деп аталады. Ғалымдар үлкен жарылыстан бұрын ғаламның қап-қараңғы түнек, үнсіз бостықта орналасқан бір нүктеден үлкен емес, жалғыз және өте салқын энергия массасынан тұрғанын жариялауда.

Ғалымдар аталмыш энергия массасының қайнары әлі белгілі емес бір әсер нәтижесінде кеңейіп, өсе бастағанын қабылдауда. Сосын энергия массасының құрамында жарық және атомнан да кіші түйірлердің қалыптасқаны және артынан үлкен жарылыс болғаны, осылайша материал мен энергияның адам сенгісіз жылдамдықпен сыртқа қарай итермеленгені қабылдануда.

Қолдағы мағлұматтарға қарағанда, үлкен жарылыстан кейін қалыптаса бастаған ғалам өте қарбалас құрылымға ие. Ғаламның кейбір бөлімдері түрлі массалармен қапталған. Ғалам 400 млн. жарық жылынан да кең бөлімі зерттелгенде, гоможендік қасиетін көрсетеді. Үлкен жарылыстан кейін сутегі мен гелийден тұратын газдар масса энергиясы және осылардың қайта оралуынан туындаған магнетикалық ықпалдың көмегімен әртүрлі аспан массаларын қалыптастырды. Осы үлкен жарылыстың нәтижесінде қалыптасқан және космостық қор жарығы деп аталған радиация тарады. Аспан массалары шоғырланған аймақ «галаксия» деп аталады.

Осы барлық адамдықтан бұрыңғы шақтар бойынша ғаламдағы басқа құбылыстар секілді жер бетіндегі пішімделу де жалғасқан. Сол кездегі құрлық бөлшектері мен таралымдары, миллиардтаған жыл жалғасқан. Осы ұзын процесте толық күні мен айы анықталмаса да үлкен зілзалалар, дауылдар мен селдер де болған. Барлық табиғи құбылыстар ғаламды бүгінгі жағдайына келтірген және ғалам секунд сайын дамып отыр.

*** Бағдарламамыздың бүгінгі бірінші бөлімінде тарихтан бұрыңғғы кездерге байланысты оқиғалар туралы айтып бердік. Алдымыздағы тарауларымызда адам баласының тарихтағы серуені мен әрі қоғамдық орта және әрі табиғи ортамен байланысын қолға аламыз.





Соңғы жаңалықтар
ТРТ ТҮР Жөнінде ТРТ Жөнінде Байланыс Фреканс Мультимедиа
ТРТ Радио
ТРТ Теледидар
ТРТ Жаңалық
ТРТ Тарих
Terms of use
Көзқарасыңызды білдіріңіз
Жер Серігі Параметрлері
Эфир тізбегі
Сурет Галереясы
Тыңда/Қара
Подкаст
Turkish Radio - Television Corporation Official Web Site