Жарияланды 29.07.2010 14:19:17 UTC Жаңаланды 30.07.2010 11:48:35 UTC Анатолы – ертегі мен аңызға бай бір мемлекет. Қай жерге барсаңыз, міндетті түрде сол жерге қатысты бір аңызбен кездесесіз. Жұртымызда әр ағашқа, тасқа, қасқыр мен құсқа, теңізге немесе өзенге арналған бір аңыз кездеседі. Бұл тарауымызда баяндалатын аңызда Карабурун түбегінде өскен нарцисс деп аталатын гүлге байланысты. Гүлдің де аңызы бола ма дейтін шығарсыз? Аталмыш жер Анатолы болғандықтан, жоғарыда айтқанымыздай, тас пен топырақтың өзі аңызға тақырып болған. Аңыздың шыққан жері Карабурун түбегі жайлы біраз сөз қозғайық. Карабурун түбегі - Анатолының ең көне елді мекендерінің бірі. Мыс дәуірінде басталған қоныстану ежелгі дәуірде өркениеті биіктеген кездерді бастан кешкен. Иония мәдениетінің ең маңызды және ең бай қалаларынан Эритраиге қарасты 5 қала құрылған. Бұлардан бірі Сидуса бүгін Карабурун ауданының орталығы және бұрын Ахырлы деп аталған Карабурын және аралдар үстінде орын алатын еді. Ол дәуірден бері тұрғыны көп болған бұл аймақ уақыт өткен сайын әртүрлі мәдениет пен егемендіктердің билігінде өмір сүрді. 1320 жылы Чака бей тарапынан алынған соң Айдыноғулдарының билігіне өтеді және осылайша өмірін түріктікпен жалғастырады. Нарцисстің атажұрты ретінде танымал деп білінген Карабурунның барша ауылында осы әдемі гүлді өсіру жоспарлы түрде жүргізіледі. Анатолының ең батысында, Эгей теңізінің көгілдір суына қараған, аты онша белгісіз осы ауылдардың негізгі күн көру көздері арасында нарцисс және нарцисстің гүлі егіншілігі орын алады. Жыл сайын желтоқсан айының соңғы күндері мен қаңтар айының ортасына дейін нарцисс барлық сұлулығымен егістіктерде бой көтереді. Гүлдер бой көтерген кезде ауылдарда ешкім қалмайды. Жас, шал, бала-шаға барлығы нарцисс егістіктеріне көшеді. Гүл жинау жұмыстарымен шұғылданады. Нарцисстер теңіз жағасында одан ерте гүлденіп жатса, түбектің теңізден жоғары төбелерінде кейінгі маусымдарға дейін гүлдеп, аймақты иістерге бөлейді...
Бұл әдемі гүлдің аңызы мынадай:
Аңыз бойынша әлемнің ең келбетті, ең сұлу жігіті Нарцисс Анатолыда Карабурун түбегінде өмір сүрген. Келбетті Нарцисс айтылған келбетінен бе, әлде анатомиялық ерекшелігінен бе әйтеуір өз өзін жақсы көрген. Оның бұл тамаша келбетін көрген қыздар сол сәтте оған қайран қалып, ғашық болады екен. Нарцисстің айналасындағы барлық қыздар сондай-ақ перілердің өзі оған ғашық болған. Бірақ қыздар не істесе де, Нарцисстің назарын өзіне аударып, махаббаттарына жауап ала алмаған. Тек қыздар емес, перілер де мұны мәселеге айналдырған. Міне, сол перілердің бірі бір күні тәңір Зевске жалбарынып, Нарциссті жазалауын сұраған. Мифологиялық тәңір Зевс махаббатына қарсылық таппай жүрген бұл перінің сұранысын қабылдап, «Басқасын жақсы көрмеген өзін өзі сүйетін болсын» деп Нарцисс және ол секілді болғандарды қарғаған. Қарғыс ұзаққа бармай орындалған. Келбетті Нарцисс бір күні су ішуге келіп, көлге иілгенде өз бейнесін суда көреді. Көре салысымен қарғыс орындалады... Сол кезден бастап, Нарцисс өзі өзіне ғашық болады... Бұл махаббаттың алауы денесіне жылдам жайыла бастаған соң мас сияқты тұрған жерінде әрі-бері тербеледі. Міне, сол кезде су ішуге деп көлге еңкейген кезде құлап өледі. Нарцисстің аяқ астынан өлгені оны қатты жақсы көретін таза жүректі перілерді қатты қайғыртады. Өздері жақсы көретін келбетті жігітті судан шығарып, жерлеуді ойлап жатқанда, судың ішінен бұрын көрмеген бір гүл өсе бастайды. Перілер түсінен, иісінен қатты ұнатқан осы гүлге Нарцисстің атын береді. Бүгін нарцисс деп аталған осы тамаша иісті, әсем түсті осы гүлдің есімінің Нарцисстен келгені айтылады. |