Жарияланды 16.07.2010 09:29:47 UTC
Жаңаланды 16.07.2010 09:29:47 UTC
Бүгінгі бағдарламамызда Жерорта теңізінің інжуі Анталиядамыз.
Анталия жағажайының 13 километрлік бөлегіндегі тамаша үңгір көріністерін аралаймыз.
Анталияға келген кезде «Биіктік: 30» жазылған жарнама қарсы алады бізді. Анталия мен теңіз арасындағы осы 30 метрлік аралық қала орналасқан алаңның биіктігі болып табылады. Анталияны өзге жағажай қалаларынан айырған ең басты ерекшелік болған осы биік жағажай мөлшермен 13 километр ұзындығы және 50 метр биіктігімен зияратшыларды қызықтырады.
«Фалез» деп те аталатын осы биік жағажайларды жақыннан көрудің оңай және қызықты жолы теңіздегі қысқа сапар. Бұл үшін Анталияның ескі кемежайына, қазіргі атымен Яхта портына барып, моторшылардың «Сарқырамаға барады!» деген шақыруына құлақ ассаңыз жеткілікті.
Түрліше ұлттан туристтер толған кемеңіз жолға шыққанан кейін арқаңызды жастыққа сүйеп, көріністі тамашалайсыз. Осы теңіз сапарында әрбір шаршы метрі өзгеше көркемдікке ие болған биік жағажайлармен бірге, олармен тоғысқан көптеген түйіндерді көрсу мүмкіндігін табасыз.
Осы аялдамаларға Анталия әлеуметтік өмір тарихында өте маңызды орнынға ие жағажайлардан бастайық.
Анталиялық жанұялар ұзық жылдар бойы күнге қақталу және жүзу үшін теңізге тік құлаған фалездердің арасындағы осы кішкентай жағажайларға келетін. Әсіресе «Әйелдер моншасы» атымен танымал аймақ қаладан тым алыстамай және ешкімге көрінбей жаздың дәмін татқысы келген ханымдардың мекеніне айналған.
Фалездер жер асты және жер үсті суларын теңізге тасыйды, осы сулардан адам баласының пайдалануы үшін көптеген мекендерге үй иесі болады. Ұн фабрикалары және электр стансалары сияқты... Өте күшті қуатпен аққан сулар теңізге жетуден бұрын, алдымен құрылған стансалар мен тиірмендерге тасыған энергиясын ұнға және электрге айналдырып, жолдарын жалғастыратын. Негізгі азықтық затымыз болған нанды және өркениеттің бас тартуға келмейтін бөлшегі электрді бізге сыйлап, фалездермен қоштасатын. Бұл ғимараттар бүгін қолданылмайды. Алайда әлі де қолданылған және көруге татитын мекендер де бар. Жартастар арасындағы табиғи көріністер, түрліше сүңгу мектептері жұмыс жүргізетін бөлмелер және қоймалар ретінде пайдаланылады.
Фалездерден сүңгу ашық теңізде сүңгуден өзгеше. 20 метр тереңдікке дейін табиғи көрініс берген фазелдер бай да көркем көріністерімен зияратшыларға көркем бейне ұсынады. Су астындағы үңгірлерде өз алдына бір төбе. Кеште тамақ ішкен мейрамхананың немесе би билеген клубтың астыңғы қабатында сүңгу де ғажайып, адамдар барлық саяхат кезінде көре алатын көрініс емес...
Демалысыңыз аяқталмас бұрын бір күн азандағы асыңызды фалездердің үстіндегі жап-жасыл парктердің бірінде жеген жөн деп ойлағаныңызда құлағыңызға Дүден сарқырамасының керемет дауысы естіледі. Судың сумен тоғысуынан шыққан әсем музыка кісіні тебірентеді. Кеме ішінде көркем табиғатта уақыт тоқтап қалғандай сезіледі.
Сапар басталған түйін кемежайға оралғанда теңізден қайтқандардың мастық сезімін сіз де сезінесіз. Біраз демалғаннан кейін, енді фалез сапарымызды құрлықтан, батысқа қарай жалғастырамыз. Демалысты Яхта портындағы дәмханада өткізуіңізге немесе сұлу көріністі тамашалап, ойға және қиялға батып өткізуіңізге де болады. Суретке түсесіз, сурет саласыз немесе өлең жазатын шабыт табасыз, ақын болсаңыз...
Сапарымызды жалғастырғанымызда қайда, қайсы паркта отырып, қай жақтағы көркемдікті тамашалаймыз? деп ойлайсыз. Сізге ұсынысым, Топхане Анталияның ең байырғы шай бақшасының біріне үй иесі болуда. Теңізге қараған жақтан орын таба алсаңыз, шай ішпей кетпеңіз. Басыңызды көтергенде қардай аппақ боялған Анталияның ескі үйлері көзіңізге шалынады. Көркем көріністі тамашалау үшін бір күн бөлгеніңіз жөн. Өйткені ол жерде тек үйлерді ғана емес, Суна-Инан Кырач мұражайын, Хыдырлық мұнарасын, Кырк Мердіуенлерді және көптеген жерді тамашалай аласыз.
Кемежайдан 500 метр алыста бір жол белгісі көзіңізге түседі. Жаңылмаңыз, бұл оның сағымы, белгі судың астында, тереңде. Екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде Анталия кемежайын паналағысы келгенде неміс ұшақтары тарапынан батырылған француз кемесі St. Didier-ді айтып отырмыз. Сүңгуді ұнатсаңыз, кеменің қоймасында әлі тұрған әскери көліктер мен соғыс жабдықтарын көре аласыз.
Қаланың батыс жағасында анталиялықтардың теңізді тамашалау және келген қонақтарымен бөлісу үшін жағажайды парк және сейілдеу жолдарымен толтырғанын көресіз. Шаршаған кезіңізде демалып, өзгеше көркемдікті тамашалайсыз.
Конияалты көшесін бойлап, фалезден теңізге түсетін бірқанша түйін бар. Фалез сапарынан кейін Мехметжик паркіне келесіз. Жерорта теңізінің сұлулығын тамашалау үшін уақыт қажет болады. Оң жағыңызда қалған көркем Торостарды, оның көкжиекте теңізбен тоғысуын көру де өз алдына бір төбе. Сурет сияқты бір көрініс, көрініс сияқты бір сурет қарсы алады сізді.
Солай, Анталияда бақытты болу үшін бірнеше күніңізді бөліңіз. Жұмыс күте тұрсын. Шығанаққа төбеден қараған түйінде ұзаққа көз тіккен бір қарауыл мүсін көресіз. Ликиялық, Селжұқлы, Османлы, яғни анталиялық, яғни Жерорта теңізінен бір күзетші. Оның қасына келіп тамашалаңыз. Сізді бақытты сезіндіреді.