Жарияланды 14.07.2010 10:19:54 UTC Жаңаланды 14.07.2010 10:19:54 UTC Израиль 31-ші мамырдағы қанды Көгілдір мәрмәр кемесі шабуылынан кейін тақырыпқа қатысты алғашқы комиссия рапортын жариялады. Бұл себепті бұл тарауымызда бұл рапортты және Түрік-Израиль қарым-қатынастарына әсерін қолға аламыз.
Израиль Газаға жәрдем апарған халықаралық жәрдем флотына жасаған басқыны жайлы жүргізген ішкі тергеудің алғашқы бөлімін аяқтады. 2010 жылдың 31-ші мамыр күні болған оқиғаға тергеу жүргізу үшін азаматтары өлтірілген Түркия халықаралық тергеу талап етсе де Израиль тергеуді өз іштерінде жүргізетінін және 2 халықаралық бақылаушының комиссия құрамына қабылданатынын білдірген болатын.
Оқиғаның техникалық тұстарын қамтыған тергеудің алғашқы бөлімі комитет басшысы тарапынан жарияланды. Комитет басшылығы құпия ақпарат маманы генерал лейтенант Эйланд тарапынан жүргізілуде. Израиль Қорғаныс министрлігіне қарасты комитет оқиғаны бір ақпарат қатесі мен операция үшін қажетті дайындықтың жасалмағанына тіреді. Комитеттің мәлімдемесіне қарағанда оқиға саяси және көріністік жағымен емес, техникалық тұрғыдан қолға алынған. Комитет шешімі бойынша кемені қауіпке ұшыратпай, теңізде тоқтатуға жағдай болмағандықтан арнайы жасақтармен операция жасауға шешім қабылданған. Бірақ жоспарлау барысында кемеде қарсылық берілетін шынында назарға алынбаған. Рапортта операцияға дайындық барысында жасалған қателіктердей, кеменің ішіндегі жағдай туралы жеткілікті ақпарат жинай алмағаны үшін Моссадта сынға алынған. Осыған қоса комитет оқиғаға «жауапты» деп ойланған кезкелген бір офицер үшін дисциплина жазасы талап етілмеді. Операцияның жүргізілуінен гөрі шешім қабылдау бағытында мәселе болғаны мәлімденіп отырса да, операцияға қатысқан арнайы жасақшылар «табысты» деп бағаландырылған.
Жарияланған рапорт негізінде екі сатыдан тұратын бір кезеңнің алғашқы бөлімі. Алғашқы рапорт оқиғаның ақпарат және операцияның жүргізілуіне қатысты. Тергеудің екінші бөлімі болса «Туркел» комитет рапорты деп аталады. Бұл комитеттің басшылығын жасаған зейнетке шыққан прокурор Туркелден атын алған комитеттің жұмыстары Екінші Виноград рапорты деп бағаландырылады. Еске түсіретін болсақ Виноград рапорты; 2006 жылы Израильдің Хизбуллахқа бағытталған бірақ табыссыз аяқталған операциядан соң қандай қателік жібергені және келешекте ұқсас жағдайларда басылатын қадамдарды анықтау үшін Израиль тарапынан дайындалған бір рапорт болатын. Ұқсас түрде Көгілдір мәрмәр оқиғасының әсіресе әлем назарында пайда болған наразылықтардан кейін Израиль ел ішінде бір комитет құрады.
Бұл комитет оқиғаның халықаралық заңға сәйкестігін зерттеп, бұл тақырыпта тергеуді бастағанын жариялады. Басында зерттеу және күші шектеулі болып белгіленген «Туркел» комитетінің күші Израиль жоғары соты тарапынан кеңейтілді. Оқиғаны заңдық тұрғыдан зерттейтін комитет 5 адамдан құралады. Қазіргі сатыда бұл комитеттің күші тек қана Израильдің жәрдем кемелерін тоқтатуының халықаралық заңға сәйкестігі және әскерлер күш қолданғанда жауапкершілігінен асып аспағанын зерттеумен шектеулі. Куәгерлерді тыңдау немесе операцияларға қатысқандарға бағытталған бір тергеу жүргізуге күші жоқ. Осымен бірге комитет басшысы Туркел зерттеудің ауқымын кеңейтуді қалайды. Сондықтан толық күш берілген бір комитет болуын қалайды. Израиль жоғары сотының берген шешімімен бұл комитеттің күшінің артыруға жол ашылған секілді көрінеді. Егерде сот қалаған күшті қолға алған жағдайда операцияға жауапты кейбір қолбасшылардың тергеуге алынуы күн тәртібіне келуі мүмкін.
Ақпарат комитеті мәлімдеген қателіктер және Туркел комитетінің күшін кеңейту талпыныстарының Израиль заң органдарынан қолдау алуы Израиль үкіметі ішіндегі оқиғаның үстін жапқысы келетіндерге қиыншылық туғыза бастады. Естеріңізге сала кетейік оқиғаның шешімі үшін БҰҰ-нан шыққан шешімде халықаралық бір комитеттің құрылуы талап етілген болатын. Осыған қарсы Израиль Қорғаныс министрлігі мен Басминистрлік тергеуді әрі ел ішінде әрі екі бөлек комитеттер арқылы екі бөлек тақырыпта жүргізіп бүтіндесуді жойғысы келеді. Алғашқы комитет рапортының Түркияны көндірмегені анық. Бірақ негізінде Түркия күткен екінші комитет рапорты иен Израильдің ұстанымы. Өйткені бұдан бұрын Түркия Сыртқы істер министрлігі қажетті шаралар қолданылмаған жағдайда Израильмен өзара қарым-қатынастарын қайта бағаландыратынын мәлімдеген болатын. |