www.trtkazakh.com
Rss
ЕСТЕЛІКТЕРІМЕН АТАТҮРІК – 31
Ататүріктің рухани қыздарына үміті жоғары болатын.
Жарияланды 21.07.2010 13:23:35 UTC
Жаңаланды 21.07.2010 14:17:17 UTC

Ататүріктің өсиетнамасында орын алған рухани қызының бірі де Сабиха Гөкчен еді. Гөкчен Ататүрікті тұңғыш рет қалай көргенін, оған не айтқанын және оның рухани қызы болудың бақыттылығын былай түсіндіреді:

«Үйіміз Бурсада еді. Бастауыш мектептегі жылдарымда Бурса Грекияның жаулауы астында болатын. Мектебімізді жаулаушылар басқа мақсатта қолданғандықтан, мектепке бара алмайтын едік. Өте қиын жылдар болатын. Әкем қайтыс болған, шешем үйдің жүктерін арқасына алған. Шешем өмір сүруіміз үшін әкемнің өте жақсы көретін кітаптарын сатқан. Гази Мұстафа Кемалдың атын сол жылдарда естігенмін. Барлық аны бұл ұлы тұлға үшін дұға етуші еді. «Гази құтқарушы» - десетін. Бәріміз азаттықты күттік.

Ең соңында күткен күн келді. Бурса бір мерейтойды тойлады. Дұшпандар Бурсадан кетті. Азаттықтан кейін Бурсада бір басқа мереке де Гази Пашаның келуімен тойлануда еді. 1924 жылы болатын. Бұл рет келген кезде оны көруге соншама ынталандым, бірақ көре алмадым. Бір жылдан кейін Гази Пашаның Бурсаға қайтадан келетін хабары таралды. Сол жылдарда аудан әкімі болған ағам бұл хабарды маған сүйіншіледі. Гази Паша үйіміздің қасындағы сарайда қалатын болды. Мен қайтсемде онымен кездесуім керек. Оған мектептің жатақханасында жатып оқығанымды айтамын. Өйткені шешем қайтыс болған. Ағамның қасында қалып, оған жүк болғым келмейді. Сол жылдары 10-11 жастарда едім.

Гази Паша бүгінгі аты Республика болған сол жылдардың Хункар Сарайына келді. Мен қатты әсерлендім. Ертеңінде оны бақшада серуендеген кезде көрдім. Дереу қасына қарай жүре бастадым. Бірақ қорғаушылары мені жібермеді. Бізді көрген Гази Паша мені қасына шақырды. Не айтарымды ұмыттым. Үнсіз-түнсіз қалдым. Мені қасына отырғызып, шашымды сипады. Аты-жөнімді, әке-шешемді сұрады. Біраз аялдадым.

---Не айтқың келеді, -деді. Мен де:

---Жатақханада жатып оқығым келеді,- дедім.

---Менің рухани балам боласың ба? - деді.

---Ағамнан сұрайын,- дедім. Одан кейін ағамды шақырып алып, сөйлесті. Ағам да разы болғандықтан Гази Пашаның қызы ретінде Бурсамен қоштастым. Бұл менің Бурсадан тұңғыш рет айырылуым еді. Онымен өткізген тамаша сапар аяқталды. Анкараға келдік. Чанкая Сарайына тез үйлестім. Мен сияқты басқа рухани қыздары да бар еді. Рукие мен Зехра. Зехрамен жақсы шығыстым. Бір күні таңертең Гази бізді қасына шақырды. Бұдан кейін ойын ойнау бітті. Ертең сарайдың бақшасындағы мектепке барасыңдар. Жақсы оқуларың керек, - деп бізді мектепке жіберді. Мұғалімдеріміз барлық ынтамен сабақ берді. Кешкі тамақтың алдында сабақтарды қайталып, сұрақ сұрады.»

Ататүріктің рухани қыздарынан Сабиха Гөкчен бастауыш мектепті тауысқан соң, АҚШ қыз коледжине барды. Одан кейін Венаға жіберілді. Бір мезгілден кейін мемлекетке қайтып келіп авиация мектебіне барды. Мектепті өте жақсы нәтижемен бітірген Сабиха Гөкчен алғаш рет әйел ұшқыш болып қызмет атқарды. Ол «Авиацияны жақсы көремін, бірақ Ата менен де жақсы көреді» деген.

Ататүрік рухани қызы Сабиха Гөкченге 1935 жылы бір күні кеште Балкан Келісімі үшін келген бір топ шетелдікпен бірге болатын кешкі қонақасыға ресми киіммен қатысуын айтты. Гөкчен сол кезде практика жасап жүрген еді. Әңгіменің қалғанын Сабиха Гөкченнен тыңдайық:

«Ата мені шетелдіктермен таныстырды. Тамақтан кейін Балканға қонақтарды ұшақпен апаруымды талап етті. Бұл жалғыз өзім жаңа келген соғыс ұшақтарының біреуін қолдануым керек. Атадан ұшу барысында бір техникалық көмекші берілуін сұрадым. Ата «болмайды» деді. «Ұшақты мен айдаймын, тек қана жерге түскенде техникалық көмек үшін біреуге қажетім бар» деп түсіндірдім. Ататүрік маған «ұшақты сенің айдайтыныңды білемін. Бірақ шетелдіктер сен емес, басқа бір кісі қолданады деп ойлайды, сондықтан жалғыз айдайсың» деп маған тағы бір рет бұйрық бергендей жауап берді. Енді істейтін ешқандай нәрсе жоқ, жалғыз ұшатын болдым. Өте үлкен бір соғыс ұшағын әйел басыммен жалғыз айдадым, аман-есен түстік. Мені қалың адам қарсы алды. Сол кезде қатты қуындым. Ататүрік қандай ұлы адам десеңізші!»

Ататүрік былай дейді: «Түрік әйелінің әлем әйелдігіне қол ұшын беріп, әлем бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтініне кәміл сенуіңізге болады». (www.trtkazakh.com)

Turkish Radio - Television Corporation Official Web Site
This service may include material from Anatolian News Agency (AA), Agence France-Presse (AFP), Associated Press (AP), Reuters, Deutsche Press Agentur (dpa), ATSH, EFE, MENA, ITAR TASS, XINHUA which is copyright and cannot be reproduced.