www.trtkazakh.com
Rss
ЗАФЕР ЧАГЛАЯН ӘЗІРБАЙЖАНДА
2 күндік сапар барысында Түркі әлемі сауда орталығы ашылады.
Жарияланды 28.07.2010 09:18:14 UTC
Жаңаланды 28.07.2010 13:56:52 UTC

Түркия мен Әзірбайжан арасындағы достық пен бауырластық байланыстар сауда саласында да жетілуде.

Мемлекеттік министр Зафер Чаглаян басшылығындағы бюрократ және іскерлерден тұратын 100 адамдық делегация Әзірбайжанның астанасы Бакуде байланыс жүргізіп жатыр. Сапар аясында екі ел іскерлері арасында сауда, инвестиция және ынтымақтастық мүмкініктерінің арттырылуы мақсатымен Іскерлер форумы өткізіліп, екі жақты кездесулер ұйымдастырылады.

Іскерлер электроникадан азық-түлікке, құрылыстан автомобиль саласына дейін көптеген секторда іс мүмкіндіктерін қарастырады.

Елбасы Илхам Алиев тарапынан да қабылданған министр Чаглаянның көптеген министрмен де кездесу өткізуі жоспарланған.

Чаглаян екі күндік Баку сапары аясында Түрік Өнеркәсіпші және іскерлерімен бас қосады және шамамен 3 мың жұмыс орны бар Түркі әлемі сауда орталығының тұсауын кеседі.

Әзірбайжан сапары аясында министр Әзірбайжан Бас министрі Артур Ресизада, Бас министр орынбасары Абид Шерифов, Экономика министрі Шахин Мустафаев, Төтенше жағдай министрі Кемалеттин Хайдаров, Қаржы министрі Самир Шерифов, Салық министрі Фазыл Мамедов, Информация министрі Али Аббасов және Кеден комитеті төрағасы Айдын Алиевпен кездеседі. (www.trtkazakh.com)

Turkish Radio - Television Corporation Official Web Site
This service may include material from Anatolian News Agency (AA), Agence France-Presse (AFP), Associated Press (AP), Reuters, Deutsche Press Agentur (dpa), ATSH, EFE, MENA, ITAR TASS, XINHUA which is copyright and cannot be reproduced.