Жарияланды 21.07.2010 09:55:13 UTC
Жаңаланды 21.07.2010 09:55:13 UTC
Пайғамбарымыз бір хадисінде «Бес нәрсе келуден бұрын, бес нәрсенің қадірін біліңіз» деп бұйырған.
1.Қартаймай тұрғанда жастықтың,
2.Ауырмай тұрғанда денсаулықтың,
3.Кедейлеспей тұрғанда байлықтың,
4.Өлім келмей тұрғанда өмірдің,
5.Қарбалас болмай тұрғанда бос уақыттың.
Кәрілік өмірдің өлімнен бұрынғы соңғы сатысы. Адам қартайғанда бұрынғыдай жұмыстана алмайды. Кәрілік тәжірибе артқан, алайда күш азайған кезең. Өмірдің жақсы-жаман барлық жүзін көрген қарт адам қалаған ісін қалаған уақытында істеу күшінен мақрұм қалады. Енді өмірінде кешіктіретін ештеңе қалмайды. Кейінге бұрылып қарағанда кешіктірген істеріне өкінеді. Осы кезең бұрын ол үшін келмейтін кезең сияқты сезіліп келген. Алайда, келіп жетті. Көзі жақсы көрмейді, құлағы ақаулы, аяқтары жүгіруге келмейді. Қалағанын жей алмайды. Барлық істен зауық алмайды. Сонымен бірге білім жинамай қартайғандар үшін өмір тіпті қиын. Жас кезінде жеткілікті білім мен техника үйренбегендер қартайғанда бірге өмір сүрген жастармен бөлісетін ең маңызды қайнардан мақұрым қалады.
Қартаймай тұрып жастықтың құнын білу – осы білімді меңзейді. Қартайғанда жақсылықты қабылдау, яғни бірге өмір сүрген адамдардың құрметі мен сүйіспеншілігін алу үшін жас кезде білімді арттырған жөн.
Ауру келмей тұрып денсаулықтың құнын білу Пайғамбарымыздң маңызды насихаттарының бірі. Пайғамбарымыздың насихаттағаны медицинаның ең басты саласының бірі болған қорғаушы дәрігерлікке байланысты.
Қорғаушы дәрігерлік - ауруға қарсы шаралар қолдану. Аурулар көбінесе себеп-нәтиже байланыстарымен түсіндіріледі. Терлеген кезде суық су ішсеңіз тамағыңыз ауырады. Шыжығын ыстықта далада жүру қан қысымды арттырады. Сақтануға болатын осындай аурулардан сақтанбағанда емделіп, тәуір болғанға дейін денеміз бізге ренжиді. Ұнатпаған дәрілерді ішуге, қымбат және ауыр емделулерге мәжбүр қаламыз.
Медицина мүлде сақтануымызды сұраған әрекеттер де бар. Бұлардан сақтанбағанда ауыр науқастарға жолығып, өміріміз бойынша осы аурумен бірге өмір сүруге мәжбүр боламыз.
Мысалы, жай нәрсе сияқты көрінген семіздік, ісжүзінде қаныт, жүрек, жоғары қан қысымы сияқты көптеген аурудың себебі және бүгін оның өзі де ауру деп есептелуде. Семіздікті емдеуге мәжбүр қалмау үшін ең басты шара семірмеу. Бұл қиын іс те емес. Пайғамбарымыз өзіне сенгендерге насихаттар айтқан, «Адам баласының дүниеде толтырған ең жаман қабы асқазаны» деп бұйырып, жеп-ішудің зиянына тоқталған. «Асқа отырғанда асқазаныңыздың үштен бірін тамақ, үштен бірін су, үштен бірін де ауамен толтырыңыз» деу арқылы семіздікті тосатын шараны көрсеткен.
Демек, ауру келмей денсаулықтың қадірін білу – дені сау болудың жолдарын үйрену, шаралар жасау арқылы өмір сүру дегендік.
Кедейлік келмей байлықың қадірін білуіміз керектігі бір шындық. Заттық жақтан бай болу мәдениеттер арасында түрліше болса да, байлық кемінде өзіне жететіндей болу деп түсіндіріледі. Ешкімге мұқтаж болмау – адамдар үшін өте маңызды. Өйткені негіздік қажетін қамдай алмайтындай кедей күйде өмір сүрген адамдар көбінесе намысы тапталған адамдар. Байлықтың өлшемі жоқ. Тарихтан жақсы танымал «Карун» да бай. Баспанасы бар, ешкімге мұқтаж болмай өмір сүрген адам да бай. Маңыздысы белгілі өреде өмірін қамдайтын байлыққа ие болумен бірге, осы байлықты қорғаудың жолдарын да білген және тәжірибелі қимылдаған азаматтардан болу.
Құран Кәрімде байлықтың мынадай тұғыр екені Ісра сүресінің 29-шы аятында айтылған:
«Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. Онда сөгіске ұшырап, тапшылықта қаласың». Аятта бізге қолымыздағының қадірін біліп, оған шүкіршілік ету және қажетіне қарай қолдануымызды насихаттайды. Егер біз қолымыздағы байлықты жақсы қорғамасақ, бізге рызық ретінде берілген байлықтың біздің қолымызда тұратынына кепілдік жоқ.
Құран Кәрімде осы шарттардан да сөз қозғалған ба? Әригне қозғалған. Мысалы, ысрап арам етілген. Орынсыз болудан сақтануымыз сұралған. Малымыздың белгілі мөлшерін қажеті түскен адамдармен бөлісуіміз насихатталған. Ғибадат ретінде зекет заттық болмысымызды тазалайтын және арылтатын механизм деп бағаланған. Сембол ретінде айтылған осы тазалану мен арылту жұмысын ағаштардың бұтаған сайын тіпті жақсы өсуіне, дамуына және жандануына ұқсатуға болады. Мал-мүлкіміз қаншалықты көп бөліссек, соншалықты артады.
Өлім - өмірдің соңғы сатысы. Сенген адамдар үшін басқа бір өмірдің бастауы болған өлім кері қайтарылмайтын бір болмыс. Адамның бұл дүниедегі тынысы санаулы. Санын өзі білмейтін осы тыныстарын жақсы қолдануға жауапты. Өлімнен кейінгі өмірдің, өлімнен бұрынғы өмірде істегендерімен бағаланатынына сенген адамдар өлуден бұрын кейінгі өміріне дайындалуға мәжбүр. Осы білім Алла мен оның Пайғамбары насихаттаған өмір түрін қабылдау арқылы жүзеге асады. Жақсы адам – жақсы құл болу арқылы қазанылады. Пайғамбарымыздың «Әсте өлмейтіндей бұл дүние үшін, дереу өлетіндей ақырет үшін еңбектен» деген насихатындағы теңдік негізінде өмір сүру арқылы өлуден бұрын өмірдің құнын білу қажетіміз артады.
Уақыттың қадірін білу үшін уақыттың не екенін ұңғыну керек. Уақыт та қайталанбайтын, жиналмайтын, кейін қолдануға келмейтін бір құндылық. Алла уақытты уақытымен жаратқан. Яғни дүниеге келеміз, өмір сүреміз және өлеміз. Мұны өмір деп атаймыз. Өмір баршамызға жеке-жеке берілген және қалай падаланатынымыз өзімізге тасталған бір байлық. Осы байлықты босқа өткізу де мүмкін. Бұл адамның жауапкерлігінде. Алла уақытты қалай қолданғанымыздың есебін сұрайды. Адам баласына 24 сағатқа бөлінген уақыт теңдігі берілген. Алайда уақытты қалай қолдануы тұрғысынан дүниеде сыналуда. Сондықтан уақыттың қымбатын білу және бос өткізбеу Алланың басты насихаты. Алла асыр сүресінде «Уақытқа» ант ішіп, оның құнын дәріптеген.
Пағамбарға сенген адамдар үшін жоғардағы насихаттар маңызды орай. Өзіміз атқарып қана қоймай, төңірегіміздегілерге де үгіттеуіміз керек.
(www.trtkazakh.com)