Бішкекте Түркия-Қырғызстан түрік кино күндері өтеді
Іс-шара Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі мен Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Бішкекте Түркия-Қырғызстан түрік кино күндері өтеді
Бішкекте Түркия-Қырғызстан түрік кино күндері өтеді

Түркия мен Қырғызстан арасындағы мәдени және өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен «Түркия–Қырғызстан түрік кино күндері» биыл 10-шы рет Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді.

Іс-шара Түркия Мәдениет және туризм министрлігі мен Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрлігінің қолдауымен 3–7 маусым күндері Түркия Кино басқармасы, Қырғызстан Кинематография департаменті,  Түркияның Қырғызстандағы елшілігі және «Yerli Düşünce» қоғамының ұйымдастыруымен өтеді.

Фестиваль аясында барлық фильм бес күн бойы тегін көрсетіледі.

Іс-шара барысында кездесулер, продюсерлер мен режиссерлердің басқосулары, мәдени экскурсиялар және салалық шаралар өткізіледі. Мақсат - кино саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Фестивальдің ашылу салтанаты 3 маусым сәрсенбі күні Түркия Кино басқармасының бас директоры Бирол Гүвеннің қатысуымен «Alaa-Too» кинотеатрында өтеді.

Ашылу кешінде «Mutluyuz Mu» фильмі көрерменге ұсынылады. Кешке фильмнің басты рөлдегі актері Ибраһим Буюкак, продюсері Хасан Корай Шахин және сценарист әрі режиссер Mурат Эмре Каман қатысады.

Сонымен қатар фестивальге «Bak Postacı Geliyor» фильмінің басты рөлдегі актрисасы Дениз Барут пен режиссері Юксель Аксу, «Bir Adam Yaratmak» фильмінің режиссері Мурат Чери, «Kanto» фильмінің режиссері Энсар Аксой, сондай-ақ көптеген продюсер, режиссер, актер мен кино саласының өкілдері қатысады.

Фестиваль аясында «Mutluyuz Mu», «Bak Postacı Geliyor», «Bir Adam Yaratmak», «Kanto» және «Efesin Sırrı» фильмдері Бішкектегі киносүйер қауымға ұсынылады.

Іздеу
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"