Палестина Араб Кубогында Катар командасын жеңді
Сұлтан Әл Брейктің соңғы минуттағы өз қақпасына салған голі күтпеген жеңісті әкелді.
Палестина Араб Кубогында Катар командасын жеңді / Reuters
ФИФА Араб Кубогы қызықпен басталды: Палестина Ал-Хорда өткен матчта Катарға қарсы тосын жеңіске қол жеткізді.
95-ші минутта Сұлтан Әл Брейк допты өз қақпасына бағыттап, Палестинаға үш ұпай сыйлады.
Әл-Бейт стадионын толтырған қалың жанкүйердің көңілі құлазыды. Палестина қорғаныста болды, ал Катар айқын мүмкіндікке қол жеткізе алмады.
Алайда Палестинаның табандылығы қосымша уақыттың соңында нәтижесін берді. Мұхаммед Салехтің қақпаға бағытталған баспен ұрған добын Әл Брейк өз қақпасына бұрып жіберді.