Палестиналық босқындарға көмек агенттігі қаржыландыруға мұқтаж
Агенттіктің шұғыл қаржыландыру қажеттілігіне назар аударылды.
Палестина босқындарына Таяу Шығыста көмек көрсететін БҰҰ агенттігі (UNRWA) Бас Комиссары Филипп Лаззарини агенттіктің Ливан, Сирия және Иорданиядағы босқындарға көрсетіп отырған өмірлік маңызы бар қызметтерін назар аударып, операциялардың үздіксіз жалғасуы үшін халықаралық қаржыландыруды күшейтуге шақырды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина босқындарына Таяу Шығыста көмек көрсететін БҰҰ агенттігі (UNRWA) мандатын басым көпшілік дауыспен ұзартты.
“WAFA” агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Нью-Йоркте жиналған Бас Ассамблеяның Төртінші комитеті палестиналық босқындарға көмекке қатысты қарарды 149 дауыс «иә», 10 дауыс «қарсы» және 13 дауыс «қалыс» нәтижесімен қабылдады.
Қарарға сәйкес, UNRWA мандаты 30 маусым 2029 жылға дейін ұзартылды.
Құжат палестиналық босқындардың үйлеріне қайта алмауына немесе өтемақы ала алмауына байланысты «терең өкініш» білдіріп, босқындардың гуманитарлық жағдайы әлі алаңдатарлық деңгейде екенін атап өтті.
Лаззаринидің үндеуі
UNRWA Бас Комиссары Филипп Лаззарини агенттік мандатының ұзартылуы босқындардың құқықтарын қорғау үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Амманда өткен UNRWA Консультативтік комиссиясының отырысында Лаззарини агенттіктің әсіресе денсаулық сақтау мен білім беру сияқты негізгі қоғамдық қызметтерді жалғастыруы үшін тұрақты әрі болжамды қаржыландыру қажет екенін айтты.
Лаззарини БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жуырда қабылдаған 2803-қарары Газада бейбіт тұрғындарды қорғау және тұрақты бейбітшілік орнату бойынша күш-жігерді ілгерілетуге ықпал етуі мүмкін деген үміт білдірді.