САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті
Трамп Шарм-эл-Шейхтегі жанама келіссөздердің жалғасып жатқанын айтып, бітім келіссөзінде ілгерілеушілік бар екенін мәлімдеді.
ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті
ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті / AP

Мысырдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мысырда ХАМАС пен араағайын елдер арасында Газада бітім орнатуға бағытталған алғашқы келіссөз кезеңі нәтижелі аяқталды.

«Al-Qahera News» арнасының мәліметінше, келіссөз Қызылтеңіз жағалауындағы Шарм-эл-Шейх курортында өткен және келіссөз бүгін де жалғасады. Сондай-ақ Израиль делегациясы да жанама келіссөздерге қатысу үшін дүйсенбі күні қалаға келген.

Келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамптың ұзақ мерзімді бітім және Израиль мен ХАМАС арасында тұтқын алмасу туралы ұсынысы шеңберінде өтіп жатыр.

Нәтижелі орта

Мысыр дереккөздерінің мәліметіне қарағанда араағайын елдер мен ХАМАС арасындағы кездесулер нәтижелі өткен және кейінгі келіссөздер үшін жол картасын жасауға септігін тигізген.

ХАМАС өкілдері араағайын елдерге Газада Израильдің әуе шабуылдарының жалғасуы тұтқын алмасуға кедергі келтіріп отырғанын жеткізген. ХАМАС пен Израиль арасындағы жанама келіссөздер дүйсенбі күні кешке Мысыр, Катар және АҚШ-тың араағайындығымен басталды. Бұл келіссөздер өткен апта Трамп  жарияланған жоспарды іске асыру үшін қажетті жағдай қалыптастыруды мақсат етеді.

Трамп: «Маңызды ілгерілеушілік бар»

Дүйсенбі күні кешке Ақ Үйде Трамп Газа жөнінде келісімге келу жолында «үлкен ілгерілеушілік бар» екенін айтты.

«Газа келісімі бойынша нәтиже өте жақсы деп ойлаймын», - деген Трамп ХАМАС-тың өте жақсы әрекет етіп жатқанын және маңызды шешем қабылдағанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп ХАМАС-пен нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеді

Ол өз жоспарын «барлығы мақұлдаған ғажайып келісім» деп сипаттап, тараптардың бұл жоспарды толық жүзеге асыру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Трамп сондай-ақ Беньямин Нетаньяхудың ұсынысқа «оң көзқарас танытқанын» және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен де сөйлескенін, Ердоғанның Газа келісімі үшін үлкен күш жұмсап жатқанын мәлімдеді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды