Президент Ердоған СКТР-дың 42 жылдық мерекесімен құттықтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 42 жылдық мерекесіне орай құттықтау хабарламасын жариялады.
Президент Ердоған СКТР-дың 42 жылдық мерекесімен құттықтады
Президент Ердоған хабарламасында:
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жарияланғанына 42 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы ерекше күні Кипр түріктері бауырларыма сәлем және ізгі тілегімді жолдаймын. Қаһарман шейіттерімізді мейіріммен еске алып, ардагерлерімізге құрметімді білдіремін. Кипрді ешқашан жалғыз қалдырмаймыз және Кипр түрік халқымен ынтымақтастығымызды барлық бағытта нығайта береміз», – деп атап өтті.
Ердоған мәлімдемесінде Түркияның Кипр түріктеріне қолдау көрсетуге бағытталған берік ұстанымын тағы да қайталады.