Президент Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен О’Нил Стамбулдағы Баскетболды дамыту орталығында баскетбол ойнап, матчтан кейін қол алысты. Бір-біріне қолтаңба қойылған доп сыйлады.

By
Президент Ердоған Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады / others

Президент Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Cтамбулдағы Баскетболды дамыту орталығында «NBA» жұлдызы Шакил О’Нилмен баскетбол ойнады. Бұл туралы Ердоған әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Түркияның «Nsosyal» әлеуметтік медиа платформасындағы жазбасында президент баскетбол добы мен Түркия туы эмодзилері бар фото бөлісті.

Фотода Ердоған мен О’Нилдің бірге баскетбол ойнағаны, матчтан кейін қол алысып, бір-біріне қолтаңба қойылған доп сыйлағаны көрінеді. Сондай-ақ Ердоған мен О’Нил орталықтағы оқушылармен бірге суретке түсті.

Іс-шара барысында президентке Түркияның жоғары лауазымды шенеуніктері ілесіп жүрді.