Әзербайжан-Грузия шекарасында ұшақ апатынан қаза тапқан сарбаздар жерленді
Сарбаздардың табыттары туған жерлеріне жіберілді.
Жұма күні Анкарадағы Мүртед әуе базасында әскери ұшақ апатында қаза тапқан сарбаздармен қоштасу рәсімі өткізілді.
Түрік әуе күштерінің C-130 ұшағы 11 қарашада Әзербайжан мен Грузия шекарасына жақын жерде құлап, ұшақтағы 20 әскер қаза тапқан болатын.
Рәсімде бір минут үнсіздіктен кейін Құран оқылып, қаза болғандарға дұға оқылды.
Аты-жөндері мен әскери шендері оқылғаннан кейін сарбаздардың табыттары жерлеу үшін туған жерлеріне жеткізу мақсатында әскери ұшақтарға тиеілді.
Рәсімге парламент спикері Нуман Куртулмуш, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гюлер, Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемір Гөкташ, депутаттар, Түрік Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылары, Анкара әкімі Васип Шахин, Әзербайжан әуе күштері командирі генерал-майор Намиг Исламзаде, Әзербайжанның Түркиядағы елшісі Решад Маммадов және сарбаздардың отбасылары қатысты.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, қайғыға ортақтасты.