САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейдегі болмысына байланысты жаңа мәлімдемелер жасады. Зеленский Ресейге орналастырылған солтүстік кореялық әскерлердің саны 50 мыңға жететінін атап өтті.
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Ресей және Солтүстік Корея тулары

Украина басшысы әуе қорғанысы жүйелерінің тапшылығына назар аударып, Оңтүстік Кореядан қолдау сұрады.

Зеленский Солтүстік Кореяның заманауи соғыс тәжірибесін жинақтайтынын және Ресейден әскери технологиялар алатынын білдірді.

Украина әскери барлау қызметінің өкілдері Солтүстік Кореяға тиесілі зымыран бөлімшесінің Ресейдің батысына қарай жылжи бастағанын хабарлады.

Аталған бөлімшенің 120 баллистикалық зымыранмен және 6 ұшыру қондырғысымен жабдықталуы мүмкін екені атап өтілді.

Солтүстік Кореяның бұған дейін Курск облысына 14 мыңға жуық әскер жібергені, бұл бөлімшелердің мыңдаған шығынға ұшырағаны хабарланды.

Сонымен қатар Пхеньян әкімшілігінің Ресейге миллиондаған оқ-дәрі, баллистикалық зымыран мен реактивті ракеталық жүйелер жеткізгені белгілі болды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары көрші елдерге құлады

Осы арада Украинаға тиесілі деп айтылған ұшқышсыз ұшу аппараты Болгарияның әуе кеңістігіне кіргеннен кейін жарылып,, София әкімшілігі Украина Елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақыртты.

Адам шығыны тіркелмеген оқиғаға байланысты екі ел өкілдерінің байланыста екені хабарланды. Молдованың Крокмаз ауылының маңынан да әскери ұшқышсыз аппараттың сынықтары табылды.

Ұлыбританиядан әуе қорғанысы бойынша үндеу

Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Вес Стритинг одақтас елдерді қыс мезгілі өарсаңында Украинаның әуе қорғанысы әлеуетін арттыруға шақырды.

Ал Рим Папасы Лев дұға ету алдында сөйлеген сөзінде Украина мен Ресейде бейбіт тұрғындардың қаза табуына өкініш білдіріп, тараптарды азаматтық нысандарға бағытталған шабуылдарды тоқтатуға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне сәйкес, соғыста осы уақытқа дейін 16 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады