Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қояды

Трамп жаңа келісім үшін президенттер Кагаме мен Чисекедиді қабылдайды.

By
Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы Вашингтонда бейбітшілік келісіміне қол қояды / Reuters

Ақ Үйдің хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Руанда мен Конго Демократиялық Республикасы (КДР) басшыларына бейбітшілік келісіміне қол қою үшін бас қостырады.

«Президент Трамп Руанда Республикасының және Конго Демократиялық Республикасының президенттерін өзінің ұйытқы болуымен жасалған тарихи бейбітшілік пен экономикалық келісімге қол қою үшін қабылдайды», — деді Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт.

Трамп бұрын маусым айында екі елдің Сыртқы істер министрлерін қабылдаған еді, сол кезде олар АҚШ ұйытқы болған алғашқы келісімге қол қойған болатын.

Содан бері президент Конго Демократиялық Республикасындағы жанжалды өз көмегімен тоқтатылған бірнеше қақтығыстардың бірі ретінде сипаттаған еді.

Алайда жергілікті деңгейде зорлық-зомбылық жалғасып келеді, екі тарап та бір-бірін айыптауда.

Жаңа президенттер деңгейіндегі келісімнің маусым айындағы келісімнен қандай айырмашылығы бар екені айқын емес.

Жаһандық технологиялық жеткізу тізбектері үшін маңызды минералдарға бай осы аймақ отыз жыл бойы қарулы қақтығыстарға душар болып, жүздеген мың адам көз жұмды.