ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Иранға бағытталған «кез келген әскери операцияға» қарсы
Фидан Иранды аймақтық елдермен арадағы шиеленісті шешуге және экономикадағы құрылымдық кедергілерді жою үшін ядролық мәселені диалог арқылы қарастыруға үндегенін білдірді.
Түркия Иранға бағытталған «кез келген әскери операцияға» қарсы
Түркия Иранға бағытталған «кез келген әскери операцияға» қарсы / AP

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Түркияның Иранға бағытталған «кез келген әскери операцияға» қарсы екенін мәлімдеп, Тегеранды «өз ішкі мәселелерін өз бетінше шешуге» шақырды.

Министр Фидан бұл мәлімдемелерін Стамбулда журналистермен кездесуі кезінде айтты. Мәселенің халықаралық қатынастар өлшемі бар екенін атап өткен Фидан Тегеранның кейбір саясаттары салдарынан «санкцияларға ұшырағанын» да қоса кетті.

Ирандық әріптестерін аймақтық елдермен арадағы мәселелерді шешуге шақырғанын білдірген Фидан былай деді: «Экономикалық қиындықтарға әкеп соқтыратын кейбір құрылымдық мәселелерді жою үшін, жаһандық ядролық мәселедегі түйткілдерді ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмай, дипломатия жолымен шешуі керек».

Фидан бір ел халықаралық оқшаулауда болған кезде белгілі бір экономикалық қызметтерді ұсынудың шектелетініне тоқталып, «Иранның халық саны көп және қоғамы серпінді. Өмір сүруге және әлеуметтік өмірге араласуға деген құлшынысы өте жоғары, білікті мамандары бар. Осындай қоғамды белгілі бір мүмкіндіктерден айырғанда, осындай мәселелер туындайды. Мұндағы шатастырылатын тұс мынау: адамдардың экономикалық және басқа да қиындықтарға байланысты көрген тауқыметі режимге қарсы идеологиялық көтеріліс сияқты көрінуі мүмкін; іс жүзінде бұл жағдай «сұр аймақты» құрайды», — деді.

 

Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады