САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Нетаньяху Трамппен кездеспек
10 қазанда Газада қатысты атысты тоқтату келісімі күшіне енгеніне қарамастан, Израильдің әскери шабуылы толықтай тоқтаған жоқ, тек бәсеңдеді.
Нетаньяху Трамппен кездеспек
Нетаньяху Трамппен кездеспек / AA

10 қазанда Газада қатысты атысты тоқтату келісімі күшіне енгеніне қарамастан, Израильдің әскери шабуылы толықтай тоқтаған жоқ, тек бәсеңдеді.

Беньямин Нетаньяху осы айдың ішінде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетінін айтып, АҚШ президенті ұсынған Газа жоспарының екінші кезеңі жақындап қалғанын мәлімдеді.

Ол бұл кездесуде бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер мен палестиналық тойтарыс тобы Хамастың аймақтағы билігін тоқтату мәселелері талқыланатынын жексенбі күні Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында мәлемдеді.

Палестина аймағындағы екі жылға созылған соғысты аяқтауға бағытталған Трамп жоспарының келесі кезеңі бойынша келіссөздер жалғасуда.

Жоспарда сондай-ақ израильдік тұтқындарды босату және Газа секторында Халықаралық бейбітшілік кеңесі бақылау жасайтын, халықаралық қауіпсіздік күші қолдайтын уақытша технократиялық Палестина үкіметін құру да қарастырылған.

Нетаньяху қазан айының соңында Газа секторындағы операцияның екінші кезеңін қалай іске асыру жөнінде маңызды келіссөз жүргізетінін айтқан еді. «Айдың соңында екінші кезеңге өту  үшін өте маңызды кездесулер өткізетін боламын», - деді ол.

Ол сондай-ақ Трамп жоспарының бірінші кезеңі аяқталуға жақын қалғанын атап өтті.

10 қазанда күшіне енген Газада атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израильдің шабуылдары азайғанымен, толық тоқтаған жоқ.

Атысты тоқтату басталғалы бері Хамас шамамен 2 000 палестиналық тұтқынды босату шартымен барлық 20 тірі тұтқынды және 27 тұтқынның мәйітін қайтарды. Бір тұтқынның мәйіті әлі күнге дейін Газа аумағында.

Хамас бұған дейін Израиль әскері оккупацияны тоқтатқан жағдайда, Газа секторындағы қаруларын аймақты басқаратын палестиналық билік органына тапсыруға дайын екенін хабарлаған болатын.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?