Трамп Мамданимен кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Мамданиді «коммунист» деп атап, Оңтүстіказиялық кандидаттың қарсыласын қолдаған әрі федералдық қаржыландыруды тоқтатамын деп  қорқытқан болатын.

By
Нью-Йорк қаласының жаңадан сайланған мэрі Зохран Мамдани / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Нью-Йорк қаласының жаңадан сайланған мэрі Зохран Мамданимен Ақ Үйде кездесетінін айтты.

Трамп сәрсенбі кешінде «Truth Social» әлеуметтік желісінде: «Нью-Йорктың коммунист мэрі Зохран «Кваме» Мамдани менімен кездескісі келді. Бұл кездесуді 21 қараша жұма күні Ақ Үйдегі кеңседе өткізуге келістік. Толық мәлімет кейін жарияланады», -деп жазды.

Елдің ең ірі қаласының алғашқы мұсылман әрі оңтүстіказиялық мэрі Мамдани осы ай өткен сайлауда өмір сүрудегі қолжетімділік пен әлеуметтік қызметтерге бағытталған науқан жүргізді. Ол осы науқан арқылы бұрынғы губернатор Эндрю Куомоны және республикашыл Кёртис Сливаны жеңді.

Трамп Нью-Йорктағы сайлау науқаны бойы 34 жастағы демократиялық социалист Мамданиді бірнеше рет нысанаға алып, оны «коммунист» деп атады. Куомоны қолдап, егер сайлауда Мамдани жеңсе, Нью-Йоркке бөлінетін федералдық қаржыны қысқартатыны жөнінде ескерткен еді.

Шешім табу

Сондай-ақ Трамп Угандада туған және 2018 жылы АҚШ азаматы атанған Мамданиді елден шығаруы мүмкін екенін алға тартты.
Кейін Трамп екеуінің ортақ шешімге келе алатынын айтты. Бұл көзқарастың өзгергенін білдіретін мәлімдеме республикашылдар бірнеше штаттағы сайлауда жеңіліске ұшырағаннан кейін және Мамдани өз науқанында қолжетімділікті баса айта бастағаннан кейін жасалды.

Мамдани осы айдың басында жасаған жазбасында Трамппен сөйлесуге дайын екенін, бірақ Нью-Йорк халқына зиян келтіретін кез келген келіссөзді қабылдамайтынын айтқан еді. Мамданидің тобы Трамп әкімшілігімен байланысқа шығып, кездесу ұйымдастыруға тырысқанын растады.

Трамп сәрсенбі күні жариялаған екінші мәлімдеме жоспарланған кездесуді нақтылап, Мамданидің «Кваме» есімін тырнақшаға алып жазды.
Трамп кездесуді «көптен күткен кездесу» деп атап, екі тарап арасындағы шиеленістің бәсеңдеуі мүмкін екенін меңзеді.

Қаңтар айында ресми түрде қызметіне кірісетін Мамдани сайлаудан кейінгі мәлімдемесінде ел президентін қалай жеңуге болатынын көрсеткісі келгенін айтқан болатын. Мамдани «Нью-Йоркті Трамп ықпалынан қорғау» идеясын алға тартып, Нью-Йорк халықының игілігі үшін президентпен, кез келген адаммен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.