Таиландта қарулы шабуыл
Шабуылшы төрт күзетші мен базар сатушысын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады. Қаза тапқандардың жалпы саны алтыға жетті.
/ AA
Дүйсенбі күні Тайланд астанасы Бангкокта болған қарулы шабуылда қаза тапқандардың саны алтыға жетті. Ауыр жараланған бір күзетші қаза тапты.
«Thai Enquirer» басылымының хабарлауынша, қарулы күдікті Бангкоктың Чатучак ауданындағы «Ор Тор Кор» базарында оқ жаудырып, төрт адамды өлтірген. Кейін оқиға орнында өзіне қол жұмсаған. Шабуылшының қаза тапқан күзетшілермен бір компанияда жұмыс істеген 61 жастағы бұрынғы күзетші екені анықталды.
Шабуылдан кейін күдікті базардың ортасында өзіне оқ атқан. Билік шабуылға байланысты тергеу бастады.