Филиппинге Фунг-вонг тайфуны соғып, 1,4 миллион адам эвакуацияланды

Күшті тайфун салдарынан шамамен 100 үй толығымен қирады, 1 000-ға жуық үй жартылай зақымданды, шамамен үш миллион үйдің электр қуаты өшті.

By
Филиппинге Фунг-вонг тайфуны соғып, 1,4 миллион адам эвакуацияланды

Дүйсенбі күні Филиппинге соққан Фунг-вонг тайфунынан кемінде екі адам қайтыс болды және алдын алу шарасы кезінде шамамен 1,4 миллион адам эвакуацияланды. Азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі IV Бернардо Рафаэлито Алехандро журналистерге: “Зардап шеккендер туралы деректер бар, бірақ оларды растау қажет” -  деді.

Солтүстік Лусонда бір адам суға батып, тағы бірі ғимараттың құлауы салдарынан қайтыс болды, екі адам жарақат алды. Шамамен 100 үй толығымен қираған, тағы 1 000-ға жуық үй зақымданған.

Филиппин Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық электр басқармасының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні шамамен үш миллион үйдің электр жарығы өшкен.  Сондай-ақ 50-ге жуық электр желісі істен шыққан.

Филиппиннің атмосфералық, геофизикалық және астрономиялық қызмет басқармасы  дүйсенбі күні Фунг-вонгты супер тайфун мәртебесінен алып тастады.

Бернама мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Малайзия метеорология департаменті дүйсенбі күні таңертең жариялаған ескертуде, дауылдың Виган қаласының оңтүстік-батысында тіркелгенін, батыс-солтүстік-батыс бағытында сағатына 30 км жылдамдықпен қозғалып, желдің максималды жылдамдығы сағатына 120 км болғанын хабарлады. Ескертуде сонымен қатар “Бұл жағдай Оңтүстік Қытай теңізінде қатты жел мен теңіз дауылдарын тудыруы мүмкін” - делінген.

Департамент Малайзияның бірнеше аймағында найзағайлы нөсер, қатты жаңбыр және күшті жел туралы ескерту жариялады.