ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
«5G» технологиясы Түркия экономикасына 100 миллиард доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін
Түркия Көлік және инфрақұрылым вице-министрі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің «5G» технологиясын қабылдауы – Түркияның цифрлық трансформация жолындағы табандылығының нақты дәлелі екенін айтты.
«5G» технологиясы Түркия экономикасына 100 миллиард доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін
«5G» технологиясы 2030 жылға дейін Түркия экономикасына 100 миллиард доллар көлемінде пайда әкелуі мүмкін
3 Қазан 2025

Түркия Көлік және инфрақұрылым вице-министрі жұма күні жоспарланған «5G» тендері мен одан кейін басталатын толық қамту кезеңінің 2030 жылға дейін Түркия экономикасына 100 миллиард доллар көлемінде үлес қосып, 1,5 миллион жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтінін айтты.

Өмер Фатих Саян «Nsosyal»-да: «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жаңа заң шығару жылын «5G» технологиясымен бастауы – цифрлық трансформация жолындағы табандылықтың нақты дәлелі», – деп жазды.

Саян Мәжіліс аясында іске қосылған пилоттық жобаны «Түркия көлемінде көзделген жоғары жылдамдықты байланыс көзқарасының көшбасшысы» деп атады.

Вице-министрдің айтуынша, бұл қадам тек технологиялық ілгерілеу емес, Ұлттық технологиялық серпілістің және «Түркия ғасырының» ең маңызды қолдаушыларының бірі.

Саян басты мақсатының жоғары жылдамдықты байланыс арқылы экономикалық өркендеу, қауіпсіздікті арттыру, сапалы медицина және білім беру мүмкіндіктерін пайдалану екенін айтты. Ол: «Біз Түркияның цифрлық болашағын қауіпсіз және ашық түрде, ұлттық стандарт аясында құруды жалғастырамыз»,- деп қосты.   

Түркия келесі жылдың сәуір айынан бастап «5G» технологиясын толығымен енгізуді және көптеген секторда трансформациялық өзгерістерді бастауды жоспарлап отыр.

Түркияның мобильді байланысы 1991 жылы «1G»-ден басталып, 1994 жылы «2G», 2009 жылы «3G», 2016 жылы «4.5G»-мен жалғасты. Ал «5G»-ге дайындық 2019 жылы басталып, қазір соңғы кезеңге жетті.

«5G» желісін таратуға арналған ең төменгі жиілік көлемі биыл тамыз айында ресми түрде жарияланды. Барлығы 11 жиілік пакеті үшін ең төменгі жиілік көлемі 2,1 миллиард АҚШ доллары болды.  

Түркияның Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасы әзірлеген «5G» тендері туралы хабарландыру 31 тамыз күні президенттің жарлығымен жарияланды.

«5G» сынақтары Түркияның төрт ірі футбол клубының стадиондарында, «İGA» Стамбул әуежайында, Ұлы Ұлттық Мәжіліс ғимаратында және шамамен 30 түрлі нысанда жүргізілді.

Іздеу
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады
Шейіт болған әскери қызметкерлердің мүрделері Түркияға жеткізілді
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды
ЕО Даму Банкі Түркияға инвестиция салуды жоспарлауда
Әлем елдері Түркияға көңіл айтты
Түркия әскери жүк ұшағы Грузия-Әзербайжан шекарасына жақын жерде апатқа ұшырады
Ердоған мен Кобахидзе түрік әскери ұшағының апатынан кейін телефонда сөйлесті
Грузияда әскери жүк ұшағының апатынан 20 түрік сарбазы қаза тапты
Хакан Фидан АҚШ-тың Сирияның біртұтас ел ретінде сақталуының маңызын түсінгенін мәлімдеді
"Түркияны нығайту Ататүріктің мұрасын құрметтеу дегенді білдіреді"
Түркия Ататүріктің Салоникидегі үйін қайта ашты
Түркия ұлы көсем Ататүрікті еске алуда
Президент Ердоған АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтары бойынша берген уәдесін орындайтынына үміттенеді
Стамбулда «Газа болашағы» халықаралық саммиті өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі  АҚШ-қа аттанады
Түркияның жоғары деңгейдегі делегациясы Пәкістанға барады
Түркияда кибер тыңшылыққа қарсы рейдтерде екі күдікті қамауға алынды
Түркияның Сириядағы рөлі жоғары бағаланды
Түркия Газа секторындағы гуманитарлық көмекті "жеткіліксіз" деп атады
Түркия мен ХАМАС өкілдері кездесті