САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Кушнер Нетаньяхумен кездеседі
ХАМАС араағайын елдер мен Трамптың Бейбітшілік кеңесін Израильге жол картасын мақұлдатып, оны жүзеге асыру мерзімін белгілеу үшін қысым жасауға шақырды.
Кушнер Нетаньяхумен кездеседі
Кушнер Нетаньяхумен кездеседі

АҚШ өкілі Джаред Кушнер Мысырда ХАМАС басшыларымен кездескеннен кейін дүйсенбі күні Беньямин Нетаньяхумен жүздеседі. Кездесудің мақсаты – АҚШ қолдайтын Газа бейбітшілік жоспарын қайта қарау.

Кездесу ХАМАС Трамптың Газа жоспарының соңғы кезеңін мақұлдағаннан кейін екі апта өткен соң өтпек. Ал Нетаньяху кез келген келісім ХАМАС-тың қарусыздануын қамтамасыз етуі тиіс екенін айтып, жоспарды қабылдамаған еді. Мәселеден хабардар дереккөздердің «AFP» агенттігіне хабарлауынша, Кушнер жексенбі күні Мысырдың Жерорта теңізі жағалауындағы Әл-Аламейн қаласында ХАМАС-тың жаңа басшысы Халил әл-Хайямен кездескен.

Аты-жөнін жарияламауды сұраған дереккөздің айтуынша, Кушнер ХАМАС-тан нақты қадам басуды талап етіп, «Газа енді ешқашан Израиль үшін террор көзіне айналмауы тиіс» деген ұстанымды жеткізген. Тағы бір дереккөз ХАМАС-тың жоспарды қолдайтынын қайта мәлімдегенін хабарлады.

Кейін ХАМАС мәлімдемесінде араағайын елдер мен Трамптың Бейбітшілік кеңесін Израильге жол картасын мақұлдатып, оны жүзеге асыру мерзімін белгілеуге ықпал етуге шақырғанын мәлімдеді.

Мысыр тарапы жариялаған суретте әл-Хайя көрінбеген. Ал Кушнердің Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр бастаған Бейбітшілік кеңесінің мүшелерімен бір үстел басында отырғаны байқалады. Кездесуге Мысырмен қатар Катар мен Түркия да қатысты.

Мұсылман елдер Израильге қысым жасауда

Үш араағайын ел мен бес мұсылман мемлекеті жексенбі күні Израильдің жоспарды қабылдамауын айыптады.

Ортақ мәлімдемеде Израильдің «бейбітшілікке кедергі келтіруге тікелей жауапты» екені айтылып, оның жоспардан бас тартуы Трамптың бейбітшілік бастамаларына кедергі келтіруі мүмкін екені атап өтілді.

Нетаньяху Бейбітшілік кеңесінің Газа бойынша жоғары өкілі Николай Младенов Израиль әскері ХАМАС толық қарусызданғанша Газадан шығарылмайтынын айтқанына қарамастан АҚШ ұсынған жоспарды қабылдамады.

 

 

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады