ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Сегіз ел Израильдің Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне енгізген шектеулерін айыптады
Түркия, Мысыр, Индонезия, Иордания, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері Израильді басып алынған Шығыс Иерусалимдегі қасиетті орындарға қатысты шектеулерді алып тастауға және статус-квоға құрмет көрсетуге шақырды.
Сегіз ел Израильдің Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне енгізген шектеулерін айыптады
Сегіз ел Израильдің Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне енгізген шектеулерін айыптады / Reuters

Халқының басым бөлігі мұсылман Түркия және тағы жеті ел Израильдің Рамазан айында мұсылмандардың Әл-Ақса мешіті кешеніне кіруіне енгізген шектеулерін айыптап, бұл шараларды дереу алып тастауды талап етті.

Сәрсенбі күні жарияланған бірлескен мәлімдемеде Түркия, Мысыр, Иордания, Индонезия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Катардың Сыртқы істер министрлері басып алынған Шығыс Иерусалимнің Ескі қаласындағы құлшылық етушілерге әсер ететін бұл әрекеттерді сынға алды.

Министрлер Ескі қала мен ғибадат орындарына кіруді шектейтін қауіпсіздік шаралары халықаралық гуманитарлық құқықты қоса алғанда халықаралық құқықтың, сондай-ақ қасиетті орындарға қатысты тарихи және құқықтық статус-квоның айқын бұзылуы екенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - 2025 жылы Әл-Ақсаға 65 мыңнан астам заңсыз қоныстанушы кірді

Сондай-ақ министрлер халықаралық қауымдастықты басып алынған Шығыс Иерусалимдегі ислам және христиан қасиетті орындарына қатысты заңбұзушылықтарды тоқтатуы үшін Израильге қысым жасауға шақырды.

Қасиетті орынның бақылауына қатысты дау

Министрлер сондай-ақ Израильдің мұсылмандар Харам аш-Шариф деп атайтын мешіт кешеніндегі әрекеттеріне наразылық білдіріп, Израильдің басып алынған Шығыс Иерусалимді немесе діни орындарды бақылауға өкілеттігі жоқ екенін атап өтті.

Бірлескен мәлімдемеде 144 мың шаршы метр аумақты қамтитын кешеннің толықтай тек мұсылмандарға арналған ғибадат орны екені және оның Иорданияның Қорлар басқармасының құзыретінде екені айтылды.

Министрлер басқыншы күш ретінде Израильді Әл-Ақса мешітінің қақпаларын дереу қайта ашуға, Ескі қалаға кіруге қойылған шектеулерді алып тастауға және онда намаз оқығысы келетін мұсылмандарға кедергі келтірмеуге  шақырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінде ән айтып, би билеуге рұқсат берді
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды