«Украина жер бермейді»

Украина президенті Зеленскийдің жоғары лауазымды көмекшісі Ермак президенттің жер бермейтінін айтты. Ал Киев Ресейдің талаптарын қабылдамай, АҚШ-тың жобасына күмәнмен қарайды.

By
Украина президенті Зеленскийдің жоғары лауазымды көмекшісі Ермак президенттің жер бермейтінін айтты. / Reuters

Президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак бейсенбі күні «The Atlantic» басылымына берген сұхбатында Украина президенті Владимир Зеленскийдің бейбітшілік үшін Ресейге жер бермейтінін айтты. 

Ермак: «Зеленский президент болып тұрған кезде ешкім бізден жер беруімізді күтпеуі керек. Ол жер бермейді», - деді. Ермак Ресей күштері басып алған жерлерден бас тартпайтыны туралы Киевтің ұстанымын қайталады.

Қырғызстанға сапары барысында Путин: «Егер Украина күштері басып алған аймақтардан шықса, біз соғыс қимылдарын тоқтатамыз. Егер кетпесе, біз әскери операция жүргіземіз»,-деді.

Қазіргі таңда Ресей Украина аумағының шамамен бес­тен бір бөлігін бақылауда ұстап отыр, ал басып алынған жерлердің мәртебесі ˗ бейбіт келісім жолындағы басты кедергілердің бірі.

AҚШ-тың бейбітшілік жоспары

Ал Вашингтон төртінші жылына таяп қалған соғысты аяқтау үшін күш-жігерін қайта жандандырып, бейбітшілік жоспарын ұсынды.

Хабарларға қарағанда, Еуропадағы одақтастарымен кеңеспей дайындалған бұл жоспардың алғашқы нұсқасында Донецк облысының шығыс бөлігінен Украина әскерін шығару және АҚШ-тың Донецк, Қырым және Луганск өңірлерінің Ресей аумағы ретінде танылуы қарастырылған.

Киев Ресей басып алған аймақтарды заңдастыратын ешбір келісімді қабылдамайтынын мәлімдеді.

Украиналық шенеуніктер сондай-ақ кез келген келіссөз нәтижесінде қол жеткізілетін келісім болашақтағы Ресей шабуылдарын тоқтатып, батыс елдерінің қауіпсіздік кепілдіктерін қамтуы тиіс екенін айтты.