Израильдік әртістер халықаралық бойкотта
Палестинаны қолдаушы белсенділер бейсенбі түні Париж филармониясының концерт залында өткен Израиль оркестрінің өнер көрсетуі кезінде акция ұйымдастырды.
Израильдің Газаға жасаған әрекеттерін айыптап, Израильдің мәдени мекемелерін соғыс қылмыстарын ақтауға қатысы бар деп айыптаған наразылар Париждегі концертті тоқтатты.
Залға отты шамдар лақтырылып, көрермендер арасында қысқа уақытқа үрей туындаған соң музыканттар сахнадан кетуге мәжбүр болды.
Палестинаны қолдаушы топтар бейсенбі кешінде Париж филармониясы ғимаратының сыртында да наразылық білдірді. Израильдің Газадағы соғыс қимылдары мен қырғындары Францияда жиі наразылықтарға себеп болып келеді.
Ішкі істер министрі Лоран Нуньес “X” платформасында жариялаған жазбасында наразылыққа байланысты төрт адамның ұсталғанын хабарлады.
«Геноцидке музыка жоқ» қозғалысы
Өткен қыркүйек айында әлем бойынша 400-ден астам әнші мен әртіс «Геноцидке музыка жоқ» атты мәдени бойкот науқанына қосылып, Израильдің музыкалық платформаларындан олардың туындыларын алып тастауды талап етті.
Бұл науқан Израильдің Газадағы шабуылдары кезінде аштық пен ауыр жағдайда өмір сүріп жатқан, соның ішінде көптеген баланы қамтыған жүрек тебірентерлік кадрлардан кейін басталды.
Бойкот үндеуіне "Massive Attack", "Primal Scream", "Japanese Breakfast", Кэрол Кинг, Рина Саваяма, және MØ сияқты әйгілі халықаралық орындаушы қол қойды.
2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газадағы қатыгез шабуылдары салдарынан негізінен әйелдер мен балаларды қоса алғанда шамамен 69 000 палестиналық қаза тауып, 170 000-нан астамы жараланған.