Техастағы “Target” дүкенінде қарулы шабуыл: 3 адам қаза тапты

Техас штатының Остин қаласындағы “Target” дүкенінде болған қарулы шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, бір күдікті ұсталды.

/ AP

Остин полициясы дүйсенбі күні “X” парақшасында оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатқанын және оқиға орнының әлі де “қауіпті” екенін хабарлады.

Полиция жаралыларға қатысты ақпарат бермеді. Алайда Трэвис округінің жедел жәрдем қызметі “X” желісінде төрт науқасқа көмек көрсеткенін, бірақ нақты ақпарат берілмегенін мәлімдеді.

Полицияның айтуынша, күдікті – шорт пен Гавайи стиліндегі гүлді жейде киген ақ нәсілді ер адам. Сондай-ақ тәртіп сақшылары аймақтағы бірнеше жолды жауып, тұрғындарды күдіктіге жақындамауға шақырды.

Қарулы шабуыл жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті заттар сатып алу науқаны кезінде болған.

Кадрлардан дүкеннің автотұрағында көп полиция мен жедел қызмет өкілдерінің жиналғаны көрінеді.