ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Украинадағы өңірлік билік өкілдерінің мәліметінше, Ресей күштері жасаған ауқымды шабуыл салдарынан көптеген адам қаза тауып, жарақат алған. Сонымен қатар Киево-Печерская Лавра аумағында өрт шыққан.
Киевтегі тарихи собор Ресей шабуылынан өртке оранды
Ресейдің қарқынды әуе шабуылдарынан кейін Киево-Печерская лаврасының соборы өртке оранды. / Reuters

Өңірлік билік өкілдері Ресейдің Украинаның бірнеше ірі қаласына жасаған шабуылдары нәтижесінде алдын ала мәлімет бойынша тоғыз адамның қаза тапқанын хабарлады.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко “Telegram” желісінде:

«Киевте зардап шеккендердің саны 23 адамға жетті, олардың арасында бір бала бар. Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны төртке шықты», – деп жазды.

Бұған дейін Ішкі істер министрі Игорь Клименко Украинаның солтүстік-шығысындағы Харьков қаласында:

«Өртті сөндіру жұмыстары кезінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметтің бес құтқарушысы қаза тапты», – деп хабарлаған болатын.

Киевтегі собор өртенді

Киев қаласының мэрі Виталий Кличко дүйсенбі күні Ресей шабуылдарынан кейін Киево-Печерская Лаврадағы әйгілі православие кешеніне кіретін Қасиетті Богородицаның Успение соборында өрт шыққанын хабарлады.

Кличко “Telegram” желісіндегі жазбасында:

«Киево-Печерская Лавра аумағында өрт шықты. Қасиетті Богородицаның Успение соборының шатыры жанып жатыр», – деп жазды.

Осы кезеңде Киевті қоса алғанда Украинаның көптеген ірі қалаcы шабуылға ұшырады.

Ал Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жасаған шабуылдары Мәскеуден шамамен 200 шақырым оңтүстікте орналасқан Тула қаласында үш адамның қаза табуына және тағы үш адамның жарақат алуына себеп болды.

Өңір губернаторы дүйсенбі күні:

«Бүгін түнде Тула қалалық округіндегі тұрғын аудан ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырады. Өкінішке қарай, алдын ала мәлімет бойынша үш адам қаза тапты. Тағы үш адам, оның ішінде бір жасар бала жарақат алды», – деп мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Іздеу
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"