Ливия жағалауында екі қайық аударылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты
Ливияның Қызыл Жарты ай ұйымы құтқарушылардың мәйіттерді алып шығу және көмек көрсету үшін жіберілгенін хабарлады.
Солтүстік-батыс Ливиядағы Әл-Хумс жағалауында екі қайық аударылған. Қайықтарда барлығы шамамен 100 адам болған. Апатта төрт босқын қаза тапқан.
Қызыл Жарты ай ұйымы алғашқы қайықта Бангладештен келген 26 босқын болғанын білдірді. Олардың төртеуінің денесі табылған.
“Ұйым “Екінші қайықта 69 адам болған, олардың арасында сегіз бала бар”, - деп хабарлады.
Құтқару және іздестіру топтары тірілерді құтқару, құрбандардың денелерін табу және қажетті көмек көрсету шараларын жүргізді.
Ливия Жерорта теңізі арқылы заңсыз жолдармен Еуропаға жетуге тырысатын босқындар үшін шығу нүктесі ретінде қарастырылады.
Билік органдары миграциялық мәселелермен күресте қиындыққа тап болып отыр.
БҰҰ-ның Халықаралық миграция ұйымы (IOM) сәрсенбі күні биыл Жерорта теңізінің ортасын кесіп өтуге әрекеттеніп жүріп қаза тапқан босқындардың саны 1 000-нан асқанын хабарлады.