ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Әскери-теңіз күштері тағы бір жыл Аден шығанағында қалады
Бұл қадам Түркиямен байланысты теңіз тасымалын қорғауды, теңіз қарақшылығына қарсы күресті күшейтуді және теңіз қауіпсіздігін қолдауды көздейді.
Түркия Әскери-теңіз күштері тағы бір жыл Аден шығанағында қалады
Түркия Әскери-теңіз күштері тағы бір жыл Аден шығанағында қалады / AA

Сомали жағалауы, Аден шығанағы, Арабия теңізі және айналасындағы су айдындарына Түркия Әскери-теңіз күштерін жіберу мерзімін 2026 жылдың 10 ақпанынан бастап тағы бір жылға ұзарту туралы шешім Ресми Газетте жарияланды.

Ұзартудың мақсаты ˗ Түркия туы астында жүзетін және Түркиямен байланысты коммерциялық кемелерді қорғау, қарақшылыққа, тонауға және теңіз терроризміне қарсы халықаралық күш-жігерге үлес қосу, гуманитарлық көмек қызметін қолдау, сондай-ақ елдің теңіздегі тәжірибесін және халықаралық ынтымақтастығын нығайту.

Түркия 2009 жылдан бері НАТО-ның «Мұхит қалқаны» операциясына (Operation Ocean Shield), сондай-ақ 2009–2025 жылдар аралығында жеті рет қолбасшылық еткен Біріккен 151-тапсырма күшін (Combined Task Force 151 (CTF-151) қоса алғанда халықаралық қарақшылыққа қарсы миссияларға белсенді түрде қатысып келеді.

Ресми шешімде Сомалидің БҰҰ Бас хатшысына жасаған өтінішіне қарамастан, 2022 жылдан бері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Аден шығанағы, Сомали аумақтық су айдындары және оған іргелес аймақтарда қарақшылық, тонау және теңіз терроризмімен күреске қатысты бұрынғы өкілеттіктерді жаңартатын ешқандай шешім қабылдамағаны атап өтілді.

Сондай-ақ 2008 жылы қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1851-қарары аясында Сомалидің аумақтық су айдындарынан тыс аймақтарда қарақшылық пен теңіз қылмыстарына қарсы халықаралық операциялардың жалғасып жатқанына назар аударылды.

Бұл қадам ˗ халықаралық құқыққа сай Түркияның теңіз қауіпсіздігін, кеме қатынасы еркіндігін және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі халықаралық, әрі ұлттық міндеттемелерінің бір бөлігі.

 

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді