ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“TRT World Forum 2025” жуырда басталады
Сарапшылар мен ресми тұлғалар басқару, климат, технология және халықаралық үдерістерді талқылау үшін “TRT World Forum”-да бас қосады.
“TRT World Forum 2025” жуырда басталады
TRT World Forum / TRT World

Әлемдегі ең ірі медиа форумдардың бірі саналатын “TRT World Forum” 9-шы рет 31 қазан – 1 қараша күндері Стамбулда өтеді. Іс-шараға түрлі саладан көптеген баяндамашы мен сарапшы қатысады.

Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) ұйымдастыратын форум әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар мен жоғары деңгейлі ресми тұлғаларға бас қостырады.

Биылғы форумның тақырыбы «Жаһандық қайта құру: Ескі тәртіптен жаңа шындықтарға» болмақ. Іс-шара жаһандық тұрақсыздықтың күшеюі мен халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған өзекті мәселелерге назар аударады.

Өткен жылдары мыңдаған кісі қатысқан “TRT World Forum” жоғары деңгейлі саясаткерлер мен дипломаттардың ерекше қызығушылығына ие болған еді.

Биылғы отырыстарда Түркияның қорғаныс саясаты, Сирияны қайта құру, көпполярлы әлемдегі дипломатия мен басқару сияқты негізгі халықаралық мәселелер қарастырылады.

Сонымен қатар панельдерде геосаясат, қауіпсіздік, климат пен энергетика, технология, медиа, халықаралық құқық және жаһандық экономикалық өзгеріс тақырыптары да талқыланады.

2017 жылдан бері форумға қатысып келе жатқан Президент Режеп Тайып Ердоғанның биыл да халықаралық даму мәселелеріне байланысты сөз сөйлеуі жоспарланды.

Форум диалогты ынталандыруды, шешім қабылдаушыларды тоғыстыруды және жаһандық дағдарыстар мен өзгерістерді басқаруға қатысты жаңа стратегиялық көзқарас ұсынуды мақсат етеді.

“TRT World Forum 2025”-ке тіркеу trtworldforum.com сайтында жалғасуда.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы