ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
“TRT World Forum 2025” жуырда басталады
Сарапшылар мен ресми тұлғалар басқару, климат, технология және халықаралық үдерістерді талқылау үшін “TRT World Forum”-да бас қосады.
“TRT World Forum 2025” жуырда басталады
TRT World Forum / TRT World

Әлемдегі ең ірі медиа форумдардың бірі саналатын “TRT World Forum” 9-шы рет 31 қазан – 1 қараша күндері Стамбулда өтеді. Іс-шараға түрлі саладан көптеген баяндамашы мен сарапшы қатысады.

Түркия Телерадио Корпорациясы (TRT) ұйымдастыратын форум әлемнің түкпір-түкпірінен сарапшылар мен жоғары деңгейлі ресми тұлғаларға бас қостырады.

Биылғы форумның тақырыбы «Жаһандық қайта құру: Ескі тәртіптен жаңа шындықтарға» болмақ. Іс-шара жаһандық тұрақсыздықтың күшеюі мен халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған өзекті мәселелерге назар аударады.

Өткен жылдары мыңдаған кісі қатысқан “TRT World Forum” жоғары деңгейлі саясаткерлер мен дипломаттардың ерекше қызығушылығына ие болған еді.

Биылғы отырыстарда Түркияның қорғаныс саясаты, Сирияны қайта құру, көпполярлы әлемдегі дипломатия мен басқару сияқты негізгі халықаралық мәселелер қарастырылады.

Сонымен қатар панельдерде геосаясат, қауіпсіздік, климат пен энергетика, технология, медиа, халықаралық құқық және жаһандық экономикалық өзгеріс тақырыптары да талқыланады.

2017 жылдан бері форумға қатысып келе жатқан Президент Режеп Тайып Ердоғанның биыл да халықаралық даму мәселелеріне байланысты сөз сөйлеуі жоспарланды.

Форум диалогты ынталандыруды, шешім қабылдаушыларды тоғыстыруды және жаһандық дағдарыстар мен өзгерістерді басқаруға қатысты жаңа стратегиялық көзқарас ұсынуды мақсат етеді.

“TRT World Forum 2025”-ке тіркеу trtworldforum.com сайтында жалғасуда.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты