МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
Палестиналық трио Рамазан айында Түркияда концерт береді
Топ Палестинаның музыкалық мұрасын әлемдік сахнаға шығарып, өз өнерлерінде қайғы, төзімділік пен үмітті көрсетеді.
Палестиналық  трио Рамазан айында  Түркияда концерт береді
Палестиналық трио Рамазан айында Түркияда концерт береді / Others

Үш ағайындыдан құралған «Le Trio Joubran» палестиналық музыкалық трио сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Рамазан айында Адана, Газиантеп, Анкара және Конья қалаларында түрік көрермендерімен қауышатынын жариялады.

Топтың мәлімдемесіне сәйкес, уд аспабының дәстүрлі үнін заманауи интерпретациямен ұштастыратын «Le Trio Joubran» Түркия туры аясында төрт қалада концерт береді. Палестина мәдениетінің музыкалық мұрасын халықаралық сахналарда паш етіп жүрген ұжым өз шығармаларына қайғы-қасірет, қарсылық пен үміт тақырыптарын арқау етеді.

Рамазанның рухани атмосферасында өтетін Түркия турнесі аясында «Le Trio Joubran» төрт қалада жергілікті уақытпен сағат 21:30-да сахнаға шығады.

Трио 8 наурызда Аданадағы Чукурова университетінің конгресс орталығында, 9 наурызда Газиантептегі Шахинбей конгресс және мәдениет орталығында, 10 наурызда Анкарадағы “CSO Ada Ankara” Зираат Банкі залында және 11 наурызда Коньядағы Селжук конгресс орталығының Анадолы сахнасында өнер көрсетеді.

«Le Trio Joubran» аспаптық музыканың әмбебап тілін қолдана отырып, тыңдармандарға эмоционалды және көркемдік деңгейі жоғары концерттік тәжірибе ұсынуды мақсат етеді.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады