Косовода “Vetëvendosje” партиясы жеңіске жақын
“Vetëvendosje” (“Өзін-өзі айқындау”) партиясы Косово Демократиялық Түрік партиясын (KDTP) қоса алғанда қауымдастық партияларымен коалиция құруға талпынады.
Косово премьер-министрі Албин Куртидің жетекшілігіндегі ““Vetëvendosje” (“Өзін-өзі айқындау”) партиясы жексенбі күні Балқан елінде өткен мерзімінен бұрынғы парламенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялады.
Дауыс беру жәшіктерінің шамамен 98 пайызы саналғаннан кейін “Vetëvendosje” (“Өзін-өзі айқындау”) партиясының 49,62 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды.
Партиясының бас кеңсесінде журналистерге сөйлеген Албин Курти бұл нәтижені «ел тарихындағы ең ірі жеңіс» деп атап, түпкілікті қорытындылар жарияланған соң жаңа үкімет құрып, басталған жұмыстарды табысты жалғастыратынын айтты.
Курти халықаралық келісімдерді парламенттен өткізу үшін оппозициялық партиялардан қолдау күтетінін де жеткізді. Кейін ол ел астанасы Приштина қаласының орталығында жақтастарымен бірге сайлау жеңісін атап өтті.
1 999 204 тіркелген сайлаушысы бар елде 24 саяси құрылым арасынан 120 депутат төрт жылдық мерзімге сайланады.
“Vetëvendosje” («Өзін-өзі айқындау») партиясы елде өткен соңғы үш жалпы сайлауда да ең көп дауыс жинаған саяси күш ретінде алға шықты.