ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Одесса портына жасалған Ресей әуе шабуылынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жараланды
Шабуыл салдарынан бір кәсіпорынның инфрақұрылымы мен тыңайтқыш қоймалары, сондай-ақ жүк вагондарын қоса алғанда, кейбір көлік құралдары зақымдалды.
Одесса портына жасалған  Ресей әуе шабуылынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жараланды
Одесса портына жасалған Ресей әуе шабуылынан 1 адам қаза тауып, 6 адам жараланды / Reuters

Украина премьер-министрінің орынбасары Алексей Кулеба Ресейдің Украинаның Қаратеңіз жағалауындағы Одесса порттарының біріне ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасаған шабуылынан 1 адамның қаза тауып, 6 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Кулеба жұма күні “Telegram” арнасында жасаған мәлімдемесінде «Ресей порт және теміржол инфрақұрылымына қарқынды шабуылдар жасады», — деп атап өтті.

Кулеба шабуылдың бір кәсіпорынның инфрақұрылымына, тыңайтқыш қоймаларына және жүк вагондарына зақым келтіріп, өрттің шығуына себеп болғанын хабарлады.

Украина премьер-министрінің орынбасары порттың атын атаған жоқ. Одесса қаласының айналасындағы және Қаратеңіз жағалауында орналасқан үш порттағы нысандар жиі нысанаға алынады, бұл аймақта сондай-ақ Дунай өзеніндегі порттар да бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Одесса мен Харьковты бомбалады

Одесса облысының әкімі Олег Кипер аймақтағы энергетикалық, өнеркәсіптік және тұрғын үй инфрақұрылымдары да шабуылдардың нысанасы болғанын айтты.

Бұған дейін Кипер шабуылдың электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етуде «елеулі» іркілістер тудырғанын хабарлаған болатын.

Кулеба сонымен қатар Днепропетровск облысындағы теміржол инфрақұрылымының да нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр