Израиль Рафах шекара өткелін қайта ашты

Израильдік ресми тұлғалар дүйсенбі күні Газадағы Рафах шекара өткелінің палестиналық науқастардың екі бағытта өтуі үшін қайта ашылғанын хабарлады.

By
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, шамамен 200 науқас шұғыл ем алу үшін Мысырға баруға рұқсатты күтуде. (AA Archive) / AA Archive

Израильдік ресми тұлғалар дүйсенбі күні Газадағы Рафах шекара өткелінің палестиналық науқастардың екі бағытта өтуі үшін қайта ашылғанын хабарлады.

Мысырлық БАҚ- тың мәліметінше, өткел арқылы тәулігіне әр бағытта 50 адамнан өтуге рұқсат беріледі.

Шекара өткелі жексенбі күні гуманитарлық ұйымдардың бірнеше ай бойы жасаған үндеулері мен халықаралық қысымнан кейін қатаң шектеулермен пилоттық режимде қайта ашылды.

Мысыр ауруханалары Газзадан келетін науқастарды қабылдауға дайын

Мысыр тарапында “Cairo News” арнасы Рафах өткелінің «тәулік бойы ашық» болатынын және Мысыр ауруханалары Газадан келетін науқастарды қабылдауға дайын екенін хабарлады.

Өткелдің қайта ашылуы Израильдің өткен аптада Газзада ұсталған соңғы тұтқын Ран Гвилидің мәйіт қалдықтарын қайтарып алып, жерлегенінен кейін жүзеге асты. Израильдік ресми тұлғалар бұған дейін бұл қадамды Рафахтың кезең-кезеңімен қайта ашылуымен байланыстырған болатын.

Сонымен қатар Израильдің Газзаға жасаған шабуылдары демалыс күндері ондаған адамның өмірін қиды.

Өткел ішінара қайта іске қосылған тұста Израиль шабуылдары жалғаса берді.

Газза Азаматтық қорғаныс қызметі сенбі күні Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 32 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Израиль жексенбі күні «Шекара асқан дәрігерлер» ұйымы палестиналық қызметкерлерінің тізімін беруден бас тартқаны үшін Газадағы гуманитарлық операцияларын тоқтататынын хабарлады. Ұйым болса, мұндай талап өз қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді.