ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
АҚШ президенті Ресей және Украина басшыларымен өткізген келіссөздерінен кейін соғыстың «жуық арада» реттелетініне үміт артатынын айтты. Сонымен қатар Трамп Гренландияның Американың бақылауында болуы керектігі туралы пайымдауын тағы да қайталады.
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді / AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін мәлімдеп, Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдіретінін жеткізді.

Түркияда өтіп жатқан НАТО саммиті аясында президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуі барысында Трамп: «Президент Путинмен өте жақсы келіссөз жүргіздім», — деді.

Трамп: «Бұл ұзаққа созылған, ауқымды әңгіме болды. Одан кейін бірден президент Зеленскиймен де сөйлестім. Меніңше, екеуі де келісімге келгісі келеді. ... Бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын, жуық арада болады деп үміттенемін», — деген мәлімдеме жасады.

Зеленский мен Трамптың сәрсенбі күні НАТО саммитінде кездесуі жоспарлануда. Бұл кездесу Украинаның Ресейдің энергетикалық секторына соққыларын жиілеткен және Мәскеудің тек шілде айының өзінде Украина астанасында 50 адамның өмірін қиған шиеленісті айлардан кейін жүзеге аспақ.

Зеленский сейсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресейдің жойқын баллистикалық зымыран соққыларынан қорғану үшін Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне деген шұғыл қажеттілігін талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.

Гренландия дағдарысы

Трамп сонымен қатар Гренландия Данияның емес, Америка Құрама Штаттарының бақылауында болуы керектігін алға тартты.

Трамптың Данияның жартылай автономиялы аймағы саналатын Гренландияны АҚШ сатып алуы немесе өз бақылауына алуы тиіс деген мәлімдемелері НАТО-ның негізін қалаушы мүшелері — Вашингтон мен Копенгаген арасында және жалпы Еуропа ауқымында шиеленіс тудырған болатын. Кейіннен бұл мәселе дипломатиялық деңгейге ауысқан еді.

Трамп журналистерге: «Ол жерді Дания емес, АҚШ бақылауы керек», — деді.

Трамп Гренландияға қатысты бақылау мәселесі АҚШ-тың НАТО-мен қарым-қатынасына нұқсан келтіргенін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"

«Менің НАТО-мен байланысыма сызат түсірген жайт осы болды, өйткені Гренландия Данияға ешқандай пайда әкеліп отырған жоқ. Дания Гренландияға шынымен көмектесу үшін қаржы бөлмейді, бірақ ол жер АҚШ үшін маңызды стратегиялық аймақ және оның айналасын Қытай мен Ресей кемелері қоршап алған. Бұған жол берілмейді», — деді АҚШ басшысы.

Трамп: «Олар бұған келіспеді; ал біз Ресей мәселесінде оларға көмектесу үшін қаншама қаражат жұмсап жатырмыз», — деп қосты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио маусым айында Дания және Гренландия билігімен келіссөздердің ай сайын тұрақты түрде жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Іздеу
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Түркия Сириядағы шабуылды айыптады
Дамаскіде жарылыс болды
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
АҚШ тікұшағы Араб теңізіне шұғыл қонды
Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Грекияда биліктегі партия мүшелерінің үйлеріне бомбалы шабуыл жасалды
Венесуэла жер сілкіністерінен қаза тапқандар үшін 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады
Еуроодақ төрағалығы Ирландияға өтті
Зеленский Уфадағы мұнай зауытына соққы жасалғанын мәлімдеді
Грекияда орман өртінен қаза тапқандар саны 2-ге жетті