САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сирия Әл-Танф базасын бақылауға алды
АҚШ күштері шамамен он жыл өткен соң Иран қолдайтын топтар мен ДАИШ әрекеттерін бақылау үшін пайдаланылған шекаралық базадан Иорданиядағы «Tower 22» нысанына көшті.
Сирия Әл-Танф базасын бақылауға алды
Сирия Әл-Танф базасын бақылауға алды / AP
12 Ақпан 2026

Сирия үкіметі АҚШ шамамен 10 жылдан кейін шегінген соң Ирак пен Иордания шекаралары түйіскен жердегі стратегиялық Әл-Танф базасын бақылауға алды.

Сирия үкіметіне жақын дереккөздер сәрсенбі күні Aнадолы агенттігіне Сирия армиясының базаны бақылауға алып, сонда орналаса бастағанын хабарлады.

АҚШ күштерінің Иордания мен Сирия арасындағы шекарада демилитаризацияланған аймаққа жақын, Әл-Танфтан 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Tower 22» базасына шегінгені айтылды.

Әл-Танф базасында шамамен 200 америкалық әскери қызметкер болғаны айтылғанымен, «Tower 22»-дегі АҚШ қызметкерлерінің нақты саны туралы  расталған дерек жоқ.

АҚШ 2017 және 2018 жылдары кеңейтілген Әл-Танф базасын және онда орналастырылған бақылау аэростаттарын Иордания шекарасынан Евфрат өзеніне дейін созылған жүздеген шақырымдық аймақта Иран қолдайтын топтар мен ДАИШ террористік ұйымының әскери әрекеттерін бақылау үшін пайдаланған.

 

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты