Түрік әуе жолдары Испанияның "Air Europa" компаниясының үлесін сатып алды
"Turkish Airlines" "Lufthansa" мен "Air France-KLM" сияқты еуропалық бәсекелестерін жеңіп кетті.
Түрік әуе жолдары испандық “Air Europa” әуе компаниясының шамамен төрттен бір бөлігін сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Түрік әуе жолдары компаниясы 300 миллион еуро (355 миллион доллар) көлемінде инвестиция салмақ. Бұл қаражат айырбасталатын қарыз ретінде енгізіліп, кейін 25-27 пайыз аралығындағы үлеске айналады. Бұл келісім тамыз айында мақұлданған.
Испанияның Идальго отбасы “Globalia” арқылы “Air Europa”-ның негізгі акционері болып қала береді. Сонымен қатар “British Airways” иесі “IAG” “Globalia”-дан акцияларды сатып алу арқылы өзінің 20 пайыздық үлесін сақтап қалады.
Түрік әуе жолдары Идальго отбасымен бірге әуе компанияны басқару құқығын бөлісу үшін келісімге келіп, “Lufthansa” және “Air France-KLM” сияқты еуропалық бәсекелестерін басып озды.
Түрік әуе жолдары өз үлесін арттыру жоспары жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл мәміле реттеуші талаптар орындалғаннан кейін, шамамен 6-12 ай ішінде аяқталады деп күтілуде.
Бұл келісім Еуропа нарығындағы ұсақ және қиындыққа тап болған әуе компанияларын біріктіру мақсатында жасалған. Әуе компаниялары нарықты шоғырландыруға ұмтылуда.