ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ-ты Исламабад келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
Тегеран Вашингтонның Иранның мұнай саудасына бағытталған санкцияларды жеңілдету туралы шешімін кері қайтарып алуы арқылы Исламабад келісімін бұзғанын алға тартуда.
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
Иран АҚШ-тың санкциялық қадамын Исламабад меморандумын бұзу деп айыптады. / Reuters

Иран Вашингтонның Иран мұнайының саудасына қатысты санкцияларды уақытша тоқтату қадамынан бас тартуынан кейін екі жақ арасында қол қойылған бітімгершілік құжаты — Исламабад келісімінің «ашық» бұзылғанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемесінде АҚШ Қаржы министрлігінің бұл шешімі қол жеткізілген келісім мәтінінің 15-бабын «ашық түрде бұзу» болып табылатынын атап өтіп, оның салдарына Вашингтонды жауапты деп санады.

Министрлік келісімге қол қойылғаннан кейін 20 күн де өтпей жатып жасалған “бұл қадам АҚШ үкіметінің арам пиғылын, сенімсіздігін және өз міндеттемелерін орындамайтынын айқын көрсетті” деп мәлімдеді.

Министрліктің уәжінше, Иран «толықтай ізгі ниетпен» әрекет еткен және келісімге қол қойылған сәттен бастап құжат аясындағы міндеттемелерін орындау үшін барлық мүмкіндіктерін жұмылдырған.

Сондай-ақ ведомство Вашингтонды келісімді бірнеше рет бұзды деп айыптап, бұл заңсыздықтарды әртүрлі сылтаулармен ақтауға тырысып жатқанын білдірді. Бұған қоса, АҚШ-тың келісім шарттарын бұзуының салдары туралы ескертіп, Иран өз ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажет деп тапқан кез келген шараны қабылдайтынын жеткізді.

АҚШ бірқатар соққы жасады

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ армиясы Иранның Ормуз бұғазы арқылы өткен үш коммерциялық кемеге жасаған шабуылдарына жауап ретінде бұл елге қарсы ауқымды соққы бастағанын жариялады.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады

CENTCOM: «АҚШ Орталық қолбасшылығының күштері халықаралық су жолында экипажы жазықсыз бейбіт тұрғындардан тұратын коммерциялық кемелерді нысанаға алып, шабуылдағаны үшін Иранға ауыр зардап шектіру мақсатында бірқатар қуатты соққы жасады», — деп хабарлады.

Мәлімдемеде бұған қоса: «АҚШ-тың соққылары Иранның Ормуз бұғазынан өткен үш коммерциялық кемеге жасаған шабуылдарына қайтарылған жауап сипатында. Иранның бұл агрессиясы негізсіз, қауіпті және бітімгершілік келісімін ашық түрде бұзу болып табылады», — деп толықтырылған.

CENTCOM жүргізілген операциялардың нақты нысаналары мен ауқымы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.

Іздеу
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты