САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль атысты тоқтату келісімі күшіне енгенін ресми түрде жариялады
Израиль армиясы "жасақтар жаңа операциялық шепке орналасты" деп мәлімдеді.
Израиль атысты тоқтату келісімі күшіне енгенін ресми түрде жариялады
Израиль атысты тоқтату келісімі күшіне енгенін ресми түрде жариялады / AP

Израиль 2025 жылғы 10 қазан жұма күні халықаралық уақытпен сағат 09:00-де атысты тоқтату келісімі күшіне енгенін хабарлады.

Израиль армиясы Анадолы агенттігіне жіберген жазбаша мәлімдемесінде «Атысты тоқтату келісімі Израиль уақытымен сағат 12:00-де күшіне енді. Осы уақыттан бастап армия күштері атысты тоқтату келісіміне сәйкес жаңа операциялық орналастыру желілеріне және тұтқындарды қайтару шараларына сәйкес позицияларын алды», – деп хабарлады.

Мәлімдемеде армия күштері оңтүстік командалық аймақта орналастырылғаны және «кез келген шұғыл қауіп-қатерді жою үшін жұмысын жалғастыратыны» айтылды. Мәлімдемеде басқа мәліметке орын берілмеді.

Оқиға орнынан хабарлаған Анадолы агенттігі тілшісінің айтуынша, атысты тоқтату басталған кезде мыңдаған палестиналық Газа секторының оңтүстігінен Газа қаласына Әл-Рашид көшесі арқылы қайта оралуда. Израиль армиясы палестиналықтарға Әл-Рашид және Салах ад-Дин жолдары арқылы қозғалысқа рұқсат берілгенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль әскері Газаның шығысына қарай шегіне бастады

Израиль армиясы жұма күні Газадан әскерлерін біртіндеп шығару процесінің алғашқы кезеңін бастады және АҚШ президенті Дональд Трамптың Газадағы соғысты тоқтату жоспарына сәйкес, 24 сағат ішінде белгіленген орындарға толықтай шегінуді аяқтайды деп хабарлады.

Израильдің армия радиосының мәліметінше, Трамп жоспарына сәйкес Газадан біртіндеп әскер шығару жұма күні түстен кейін аяқталады.​​​​​​​

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды