Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді
Түрік дипломатиялық дереккөздерінің хабарлауынша, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Катар, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иорданияның Сыртқы істер министрлері Стамбулда басқосады.
Түрік дипломатиялық дереккөздерінің мәлімдеуінше, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан дүйсенбі күні Стамбулда Газа мәселесіне арналған жиынға төрағалық етеді.
Жиынға Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Катар, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иорданияның Сыртқы істер министрлерінің қатысуы күтілуде. Бұл елдердің өкілдері бұған дейін 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын.
Кездесуде 10 қазанда жарияланған атысты тоқтату режимінің қазіргі жағдайы мен Газадағы гуманитарлық ахуал талқыланбақ.
Хакан Фидан Израильдің келісімді бұзу үшін түрлі сылтаулар ойлап табу әрекеттерін айыптап, халықаралық қауымдастықты Тель-Авивтің арандатушылық әрекеттеріне қарсы нақты ұстаным танытуға шақырмақ.
Сондай-ақ ол мұсылман елдердің күш-жігерінің маңыздылығына тоқталып, атысты тоқтатудың аймақтық тұрақтылық пен бейбітшілікке айналуы қажет екенін атап өтеді деп хабарланды.
Жеткіліксіз көмек
Фидан қазіргі уақытта Газадағы гуманитарлық көмектің жеткіліксіз екенін және Израильдің бұл маңызды мәселе бойынша өз міндеттемелерін орындамай отырғанын, Газадағы бейбіт тұрғындарға жеткілікті гуманитарлық көмекті үздіксіз түрде жеткізу – адамгершілік әрі құқықтық тұрғыдан міндет екенін және Израильге осы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қысым жасау керектігін де мәлімдемек.
Сондай-ақ ол Газаның қауіпсіздігі мен басқарылуы үшін жауапкершілік алуын қамтамасыз ететін тетіктерді тез арада іске асыру қажет екенін, палестиналықтардың заңды құқықтарын қорғау және екі мемлекет негізіндегі шешім тұжырымдамасын қолдау қажет екенін де атап өтеді деп хабарланды.
Дереккөздердің айтуынша, Фидан БҰҰ алаңдарында басылатын қадамдар жөнінде кеңесуге және тығыз үйлестіруді жалғастырудың маңыздылығына да назар аудармақ.