ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Испанияда пойыз апатынан 39 адам қаза тапты
Испания медиасы екі пойызда жалпы саны 400 адам болғанын хабарлады.
Испанияда пойыз апатынан 39 адам қаза тапты
Испанияда пойыз апатынан 21 адам қаза тапты / Reuters

Төтенше жағдай қызметтерінің мәліметінше, Испанияның оңтүстігінде жүздеген жолаушыны тасымалдаған екі жүрдек пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде 39 адам қаза тауып, 152-ден астамы жараланған.

Испанияның теміржол инфрақұрылымын басқарушы «Adif» ұйымының «X» желісіндегі жазбасына сәйкес, апат жексенбі күні Малагадан Мадридке бағыт алған жүрдек пойыздың Адамус маңында рельстен шығып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан бір пойызбен соқтығысуынан болған. Соққының әсерінен екінші пойыз да рельстен шыққан.

Полиция өкілі бастапқыда «AFP» агенттігіне Кордова аймағындағы апатта бес адам қаза тапқанын айтқан, алайда көп ұзамай қаза тапқандар санын 39-ға дейін жеткенін білдірді. Андалусия өңірінің төтенше жағдайлар жөніндегі жоғары лауазымды өкілі Антонио Санс баспасөз мәслихатында кемінде 152 адамның жараланғанын мәлімдеді.

Кордова өрт сөндіру қызметінің басшысы Франсиско Кармона мемлекеттік «RTVE» арнасына берген сұхбатында «Мәселе мынада вагондар майысып, адамдар темір үйінділердің арасында жаншылып кеткен. Тірі адамға жету үшін тіпті бір мәйітті де шығарып алуға тура келді. Біз өте ауыр, әрі машақатты жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді.

«RTVE»-ге сұқбат берген бір куәгер алғашқы пойыз вагондарының біреуі толықтай аударылғанын айтты. Видеолардан медицина қызметкерлері мен өрт сөндіру бөлімдерінің оқиға орнындағы жанталасын көруге болады. Пойыздардың бірінде болған мемлекеттік «RNE» радиосының тілшісі соқтығыс сәті жер сілкінісі сияқты сезілгенін жеткізді. Ол жолаушылардың вагондардан шығу үшін апаттық балғалармен терезелерді сындырғанын айтты.

«Қорқынышты фильмдегідей»

Рельстен шыққан алғашқы пойызда отырған Лукас Мериако «La Sexta» телеарнасына «Мұның бәрі қорқынышты фильмдегідей. Арт жақтан өте қатты соққы сездік, бүкіл пойыз зақымданып, быт-шыты шығады деп ойладық… Әйнек сынықтарынан жараланғандар өте көп болды», - деп айтты.

Испания медиасы екі пойызда жалпы 400 жолаушы болғанын хабарлады. «Adif» Мадрид пен Андалусия қалалары (Кордова, Севилья, Малага және Уэльва) арасындағы пойыз қатынасы дүйсенбі күні бойы тоқтатылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Мадрид, Севилья, Кордова, Малага және Уэльва вокзалдарында құрбандардың жақындарына қолдау көрсету үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылғаны айтылды.

Корольдік «X» желісіндегі мәлімдемесінде король VI Фелипе мен патшайым Летисияның жаңалықтарды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырғанын айтып, «Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», -  деді.

Испания Мадрид, Барселона, Севилья, Валенсия және Малага сияқты ірі қалаларды жалғайтын 3 000 шақырымнан астам пойыз желісімен Еуропадағы ең ірі жоғары жылдамдықты теміржол желісіне ие екенін мақтан етеді. Ел ең қанды теміржол апаттарының бірін 2013 жылы бастан өткерген. Мадридтен Галисияға бара жатқан жүрдек пойыз рельстен шығып, 79 адам қаза тауып, 179 адам жараланған еді.

 

Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты