ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Синьхуа” “Zhongxing-4B” байланыс жерсерігін алып бара жатқан зымыранның ұшуы кезінде “ауытқу” болғанын хабарлап, сәтсіздіктің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
2026 жылы 10 тамызда Хайнаньда ұшырылу кезінде жарылған Қытайдың "Long March 7A" зымыраны. / Reuters

Мемлекеттік БАҚ байланыс жерсерігін алып бара жатқан Қытай зымыранын ұшыру сәтсіз аяқталғанын хабарлады. Ресми органдар сәтсіздікті «ұшу кезіндегі ауытқумен» байланыстырды.

“Xinhua” мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Вэньчан ғарыш айлағынан жергілікті уақытпен сағат 20:02-де (GMT 12:02) ұшырылған “Long March 7A” зымыран тасығышының ұшырылымы сәтсіз аяқталды.

“Xinhua” “Zhongxing-4B” байланыс жерсерігін алып бара жатқан зымыранның ұшуы кезінде “ауытқу” болғанын хабарлап, акаудың себебі анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сингапурда орналасқан “Channel News Asia” телеарнасы “Instagram”-дағы жазбасында зымыранның жарылғанын хабарлап, оқиға орнында аспандағы отты шарды таңдана бақылап тұрған адамдардың видеосын жариялады.

“Күрделі” жұмыс

Қытай ғарыш агенттігінің мәліметінше, ел шілде айында алғаш рет қайта пайдалануға болатын зымыранды сәтті қондырды. Бұл жетістік Қытайдың ғарыш саласындағы мақсаттары мен ұшыру шығындарын азайту тұрғысынан маңызды қадам болды.

Қытай Америка Құрама Штаттары “Artemis” бағдарламасымен бәсекеде 2030 жылға дейін Айға ғарышкерлерді қондыруды көздеп отыр.

SpaceX” компаниясының бас директоры Илон Маск “X” желісінде дүйсенбі күнгі сәтсіз ұшыру туралы жазбаға пікір білдіріп, «Зымыран өндірісі – өте күрделі жұмыс. Олар тез арада қалыпқа келеді деп үміттенемін», – деді.

Синьхуа 2020 жылдың наурызында Қытайдың сол жылы Вэньчан ғарыш айлағынан алғаш рет ұшырған Long March 7A” зымыраны да “ақауға” байланысты сәтсіздікке ұшырағанын хабарлаған еді.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады