ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей “WhatsApp-қа” бақылауды күшейтуде
Әлем елдері алаяқтық пен терроризмді тергеу себептерімен шетелдік платформаларға шектеулер қойып жатыр, “WhatsApp” Мәскеудің қауіпсіз байланысты нысанаға алғанын білдірді.
Ресей “WhatsApp-қа” бақылауды күшейтуде
Ресей “WhatsApp-қа” бақылауды күшейтуде / Reuters
13 Ақпан 2026

WhatsApp” Ресейді өз шекарасы аясында платформа қызметтерін бұғаттауға тырысып жатыр деп айыптап, бұл қадамның пайдаланушылардың қауіпсіз, шифрланған байланыс құқығына нұқсан келтіруді көздейтінін мәлімдеді.

Meta компаниясына тиесілі мессенджер бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «үкіметтің адамдардың қауіпсіз байланыс құқығын бұзу әрекеттеріне қарсы екенін» және Ресей билігі осы себепті 100 миллионнан астам пайдаланушының қолжетімділігін шектеуге тырысып жатқанын атап өтті.

Компания «WhatsApp” хат алмасулары толықтай шифрланған. Ресейді қоса алғанда, бүкіл әлемде адамдарға толық шифрланған байланыс ұсыну үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауды жалғастырамыз», — деп мәлімдеді.

Ресейдің мессенджерлерге қойған шектеулері

Бұл мәлімдемелер Ресейдің реттеуші органдары “WhatsApp” пен “Telegram-дағы” белгілі қоңырауларды шектей бастаған және шетелдік платформаларды алаяқтық пен терроризмді тергеу кезінде құқық қорғау органдарымен ақпарат бөліспейді деп айыптаған тұста жасалды.

“Telegram” платформаның ашық арналарын жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып белсенді түрде қадағалайтынын, «күн сайын миллиондаған зиянды хабарламаларды» өшіретінін және диверсия, зорлық-зомбылық пен алаяқтыққа шақырулармен күресетінін жеткізді.

Ресей деректерді сақтау және мазмұнды бақылау мәселелері бойынша шетелдік технологиялық компаниялармен ұзақ уақыттан бері күресіп келеді. Бұл текетірес Мәскеудің 2022 жылғы ақпанда Украинаға қарсы әскери шабуылы басталғаннан кейін күрт шиеленісе түсті.

Сыншылардың айтуынша, Кремль содан бері елдің интернет кеңістігін бақылауға алу және тәуелсіз немесе шетелдік платформаларға қолжетімділікті шектеу процестерін үдеткен.

Соңғы шектеулер Мәскеу мен Кремний алқабы арасындағы тереңдеп бара жатқан цифрлық алшақтықты көрсетеді, енді шифрланған хабарлама алмасу осы күрестің орталығына айналды.

 

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты