САЯСАТ
2 ... минут оқылды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
Сирияның Сыртқы істер министрі елдің "дипломатиялық заңдылығының артуын" көрсететін шешім деп мәлімдеді.
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады / Reuters

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирия президенті Ахмед әл-Шара мен Ішкі істер министрі Анас Хаттабты ДАИШ пен Әл-Каида санкциялар тізімінен шығару туралы қарар жобасын қабылдады.

АҚШ әзірлеген бұл қарар 14 дауыс жинап, Қытайдың қалыс қалуымен қабылданды.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Майк Уолтц бұл шешімді құптады.

«Бұл мәтіннің қабылдануымен Кеңес Сирияның жаңа дәуірге аяқ басқанын мойындайтын күшті саяси белгі жіберіп отыр», – деді ол.

Уолтц «Президент әл-Шара мен Ішкі істер министрі Хаттабты тізімнен шығару сириялық халыққа үлкен мүмкіндік береді» деді.

Қытайдың өкілі Фу Цун бұл қарардың «барлық тараптардың заңды мүдделерін ескермегенін» айтты.

«Қарарды ұсынушы барлық мүшелердің пікірін толық ескермей, Кеңесті үлкен келіспеушіліктерге қарамастан әрекет етуге мәжбүрледі. Бұл өз саяси мүдделерін алға тарту әрекеті», – деді Фу АҚШ-ты меңзеп.

«Қытай халықаралық қауымдастықпен бірге Сирияда қауіпсіздік, тұрақтылық және дамуды ертерек қамтамасыз ету үшін конструктивті рөл атқаруға дайын», – деп қосты ол.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя бұл қарардың «Сирия Араб Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі және аумақтық тұтастығын сақтау жөніндегі Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттемелерін қайта растайтынын» атап өтті.

«Біз бұл негізгі қағидаттарды халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелері, соның ішінде өз ережелерімен әрекет етіп, Сирияның егемен аумағының бір бөлігін, соның ішінде Голан биіктіктерін басып алған Израиль де сақтайды деп күтеміз», – деді ол.

Дамаск бұл шешімді құптады

Сирия президент әл-Шара мен Ішкі істер министрі Хаттабты санкциялар тізімінен шығару туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін құптап, оны Дамасктің дипломатиялық заңдылығының артып келе жатқанының дәлелі деп атады.

“X” әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде Сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбани: «Сириялық дипломатия өзінің белсенділігін және ашық әрі тұрақты болашаққа жол ашу қабілетін тағы бір рет дәлелдеді», – деді.

Сирия АҚШ пен достас елдерге Сирия мен оның халқына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия Косовоны ресми түрде мойындады

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"