ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды
Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрлігі мен “T3” қорының ынтымақтастығымен Гөлжүк кеме жасау зауыты қолбасшылығында өтетін TEKNOFEST «Көгілдір Отан» шарасына келушілерді тегін тіркеу басталды.
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды
Гөлжүкте «Көгілдір Отан» толқыны: TEKNOFEST-ке тіркелу басталды

“Teknofest-тің” интернет парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Түркияның теңіздегі қуаты мен жоғары технологиялық әлеуетін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен TEKNOFEST «Көгілдір Отан» 20-23 тамыз аралығында Коджаэлиде өз есігін айқара ашуға дайындалып жатыр. Т.Р. Ұлттық Қорғаныс министрлігі мен Түркия Технология Тобы Қорының (T3 қоры) басшылығымен Гөлжүк кеме жасау зауыты қолбасшылығында өтетін фестиваль теңізшілік мәдениетін болашаққа тасымалдауды көздейді.

Ұшқышсыз теңіз аппараттары мен суасты ракеталары бақ сынайды

Теңізшілік пен суасты технологияларына бағытталған TEKNOFEST 2026 аясында технологияға әуес жастардың әзірлеген жобалары тартысты бәсекеге түседі. Шара барысында Ұшқышсыз суасты жүйелері жарысы, Суасты ракеталары жарысы және Ұшқышсыз теңіз аппараты жарысы ұйымдастырылады.

Түрік әскери-теңіз флотының кемелері көпшілік назарына ұсынылады

Фестиваль барысында келушілер Түрік Әскери-теңіз күштерінің мақтанышы болып табылатын заманауи әскери кемелер мен суасты қайықтарын жақыннан тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бағдарлама аясында “TCG Savarona”, “TCG Anadolu”, “TCG 18 Mart” суасты қайығы және “TCG Murat Reis” суасты қайығы сияқты кемелерге арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар фестиваль алаңында Түрік әскери-теңіз флотының көрмесі, арнайы мақсаттағы десантшылары мен теңіз авиациясы бөлімшелерінің әсерлі көрсетілімдері, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібіне қатысты көптеген іс-шаралар өтеді.

Қатысу тегін

Қатысу толығымен тегін болатын TEKNOFEST «Көгілдір Отан» фестиваліне кіру үшін келушілердің алдын ала онлайн тіркеуден өтуі талап етіледі. Тіркелгісі келетіндердің жаңа буын “NSosyal” әлеуметтік медиа платформасында аккаунты болуы қажет.

Қатысушылар саны шектеулі бұл шарада 7 жастан асқан әрбір адам үшін бөлек билет брондау міндетті. 7 жасқа дейінгі балалар үшін тіркелу талап етілмейді.

Іс-шара аумағына кіру және шығу сағат 09.00 - 18.00 аралығында жүзеге асырылады. Фестивальге тіркелу және толығырақ ақпарат алу үшін https://www.teknofest.org/tr/ ресми сайтына өту ұсынылады.

Іздеу
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Әділет министрі Гүрлек грек әріптесі Флоридиспен кездесті
Президент Ердоған Путинмен кездесті
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемдік алыптармен бәсекелесуде
Президент Ердоған: «Түркия бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салады»
СКТР-де аударылған кемеден 20 адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Президент Ердоған ШЫҰ Мемлекет басшыларының саммитінде отбасылық суретке түсу рәсіміне қатысты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Министр Хакан Фидан мен Яшар Гүлер Бішкекке аттанды
Президент Ердоған Әзербайжан президенті Әлиевпен кездесті
Халықаралық Яхта Жарыстарының Жеңіс Кубогы кезеңі аяқталды
Мекке ортақ қорғаныс келісімі комитетінің алғашқы отырысы Cтамбулда басталды
Президент Ердоған Қырғызстанда
Түркияның отандық депозиттік жүйесі «DOA» «COP31» конференциясында таныстырылады
Түркия аударылған кемеде қаза тапқандар үшін көңіл айтты
Түрік Қарулы Күштері мен Сирия армиясы Евфрат өзеніне қалқымалы көпір салды
Президент Ердоған Шанхай саммитіне қатысады